Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері Қазанда өткен халықаралық байқаудың жеңімпаздары атанды


Қазан мемлекеттік энергетикалық университетінде шет тіліндегі мультимедиялық презентациялардың екінші халықаралық байқауы аяқталды. Жеңімпаздар арасында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері бар.

Байқауға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжанның 52 жоғары білім беру ұйымдарынан 300-ден астам білім алушы қатысты.

«Білім берудегі, кәсіптегі және бизнестегі геймификация» тақырыбындағы презентациялар байқауының қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері жүлделі орындарға ие болды:

  • 1 орынды Даулеталды Аслан Бауыржанұлы алды (ғылыми жетекшісі Алиева Б.О.);
  • 2 орынға Мешетпаев Наиль Ержанович (ғылыми жетекшісі Богданова А.А.) және Лаптева Дарья Денисовна (ғылыми жетекшісі Питиримова Т.В.) ие болды;
  • 3 орынды Мятова Камила Өміркелдіқызы (ғылыми жетекшісі Алиева Б.О.) иеленді.

Жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз!

Без рубрики