Академик Қ.И.Сәтбаев – көрнекті ғалым және ғылымды ұйымдастырушы»


Осындай атаумен «Сарыжайлау» кинотеатрында академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына және Қазақстан Республикасындағы ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Іс – шараны ұйымдастырушылар – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары және «Сарыжайлау» кинотеатрының ұжымы.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс жөніндегі проректор — А.К. Ракишев құттықтау сөз сөйледі. Ол өткізілетін іс-шара тақырыбының өзектілігі өткен ғасырдың ғалымдары қол жеткізген іргелі нәтижелерге негізделген заманауи ғылымның үздіксіз дамуымен байланысты екенін атап өтті.

«Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Қ.А.Темірғалиев өз сөзінде жоғары мектептің міндеттерінің бірі студенттерге ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын үйрету болып табылатындығы атап өтілді.

Дөңгелек үстелдің спикерлері ретінде Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ ғалымдары және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың инновациялық технологиялар және сәулет-құрылыс факультетінің студенттері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстел соңында «Сарыжайлау» кинотеатрының басшысы С.З.Әбдіғали жастардың адамгершілік қалыптасуы қоғам дамуының маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтіп, іс-шараға қатысушыларды Қаныш Сәтбаевтың жастық шағына арналған әйгілі отандық режиссерлан Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Қаныш» көркем фильмін көруге шақырды.

Без рубрики