Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ ректоры инновациялық технологиялар факультетінің ұжымымен кездесті


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаева ЖОО ұжымымен кездесулер өткізуді жалғастыруда. Бұл жолы ол инновациялық технологиялар факультетіне барды.

Бүгінгі таңда инновациялық технологиялар факультеті жанынан төрт кафедра жұмыс істейді: «Инновациялық технологиялар және қауіпсіздік», «Ақпараттық-есептеу жүйелері», «Химия және химиялық технологиялар», «Қазақстан тарихы».

Факультетте жеті білім беру бағдарламасы жұмыс істейді: «Биотехнология», «Ақпараттық жүйелер», «IT-медицина» инновациялық білім беру бағдарламасы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Пайдалы қазбаларды байыту».

Университет ректоры факультет оқытушыларымен сөйлесіп, ұжымның алдағы жоспарлары туралы білді. Содан кейін Сауле Саветқызы болашақ мамандарды дайындайтын оқу сыныптары мен зертханаларға барды.

Без рубрики