Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) тағылымдамадан өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының оқытушылары жақында Бұхара мемлекеттік университетінде (Өзбекстан) тағылымдамадан өтті. Өз кезегінде өзбек әріптестер де біздің университетімінде тағылымдамадан өтті.

Бұл «Инновациялық экономика», «Шағын бизнес және кәсіпкерлік», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Қаржы және салық» және т.б. пәндер бойынша оқытушылардың өзара offline-тағылымдамасы болды.

Университетіміздің оқытушылары Бұхара мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқып, шеберлік кластарын өткізді.

Халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасы оқытушылардың біліктілігі мен студенттердің кәсіби білімін арттыруда маңызды рөл атқарады және үлкен маңызға ие. Және бұл ынтымақтастық жалғаса бермек.

Без рубрики