Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да Геологтар күніне арналған «Сәтбаев дарыны» олимпиадасының қорытындысы шығарылды


2024 жылдың 4 сәуірінде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында Геолог күніне және көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Сәтбаев дарыны» олимпиадасы өтті. Оған Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар биология және география бойынша тест сұрақтарына жауап беруі керек еді. 

Сәуірдің бірінші жексенбісінде Қазақстанда Геологтар күні атап өтіледі. Бұл геологтар мен тау-кен жұмыстарына қатысты барлық кәсіптердегі адамдардың кәсіби мерекесі. Қазақстандық көрнекті геологтардың қатарында — академик, тектоника және мұнай-газ мәселелері жөніндегі ғылыми мектептің негізін қалаушы — Қаныш Сәтбаев бар. Оның ғылыми жаңалықтары мен зерттеулері геологияны ғана емес, басқа да ғылыми бағыттарды дамытудың бастау көзі болды.

«Сәтбаев дарыны» олимпиадасы Қарағанды қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның бастамасымен, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау кафедрасының қатысуымен өтті. Қарағанды қаласының 34 мектебінен барлығы 100-ге жуық бала қатысты.

Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 2024 жылғы 5 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор С.С. Сагинтаева құттықтау сөзін сөйлеп, оларға тек алға ұмтылуды және жаңа биіктерге жетуді тіледі!

Сондай-ақ жоғары сынып оқушыларына Әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің басшысы, «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ дарынды балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер Лаверженцева Евгения Викторовна және Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау кафедрасының профессоры Портнов Василий Сергеевич лебіздерін білдірді.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орынға Руслан Дударенко ие болды (№1 гимназия);
  • 2 орынның иегері Артемия Прохорова (№16 НМ) және Темерлан Кулькеев (Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия);
  • 3 орынды Дмитрий Мигунов (№25НМ), Мирас Айқынбаев (Бауыржан Момышұлы атындағы НМ) және Аяулым Зейнулла (№48 НМ) иеленді

Олимпиаданың барлық жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар – нағыз минералдардың коллекциялық үлгілері, ал мектеп директорлары мен жетекшілік ететін оқытушыларға Басқарма Төрағасы — Ректордың алғыс хаттары табыс етілді.

Без рубрики