Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша студенттердің құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 100 ден астам студент өңірдің құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті:

— Қарағанды облысы полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Г.К. Ділмағанбетовпен;

— Қарағанды облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Е.Б. Тезекбаевпен;

— Қарағанды қаласы Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы А.С. Боранбаймен және осы қызметтің инспекторы А.М. Абдрахмановамен.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қорқытудың, кибербуллингтің, бұзақылықтың және басқалардың алдын алу мәселелері қаралды. Есірткіге қарсы күреске ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында құқық қорғау органдарының өкілдері қойылған сұрақтарға жауап берді.

Без рубрики