Ұлыстың ұлы күні — Наурыз


Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

Қазақ халқы Наурыз күнін «Ақ түйенің  қарыны жарылған күн» деп ерекше қастерлейді. Бұл күні халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында  Наурыз мейрамдарының мазмұнын одан әрі байыту керектігін айтқан еді. Сондай-ақ ұлттық мәдениетті насихаттай отырып, халықты ұлттық бірегейлікті жандандыруға өз үлесін қосу, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген отаншыл, мемлекетшіл ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз. Осы ретте, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғыртудың маңызы өте зор.

Ежелгі дәстүрді жалғау мақсатында 2024 жылдың 19-наурызында «Жоғары математика» кафедрасының ұжымы (профессор Тутанов С.К., доцент Мустафина Л.М., аға оқытушы Касымова Л.Ж., доцент міндетін атқарушы Шаихова Г.С., доцент міндетін атқарушы Абаева Н.Ф., аға оқытушы Тулеутаева Ж.М., доцент міндетін атқарушы Журов В.В., оқытушы Кабиева Г.К.,  аға оқытушы Мергембаева А.Ж., оқытушы Бекмагамбетова Э.К., оқытушы Аманжолов С.М.) мен ТТ-23-2, ТТ-23-2с, ОП-23-1, ОП-23-2с топтары студенттерінің қатысуымен «Наурыз» мерекесін атап өтті. (Қатысқан студенттер саны-40). Мерекелік іс-шарада студенттер өз өнерлерің ортаға салды. Студенттер арасында өнер сайыстары: күй сайысы және әнді нақышына орындау сайысы өткізілді. Қазақтың ұлттық ойындары: асық ату, қол күресі сайыстары  өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды.

Күй сайысының нәтижесі бойынша: 1-орынды ИС-23-1 тобының студенті Мәліков М. (жетекшісі: PhD, аға оқытушы Қасымова Л.Ж), 2-орынды АиУ-23-2 тобының студенттері Саматов Д. (жетекшісі: т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Шаихова Г.С.), 3-орынды НД-23-1 және  АиУ-23-1 топтарының студенттері:  А.Тәңірберген  мен А.Жәукен  иеленді (жетекшілері: PhD, аға оқытушы Тулеутаева Ж.М., аға оқытушы Аманжолов С.М.).

Қол күресі сайысының нәтижесі бойынша: 1-орынды ГД-23-3 тобының студенті Қайни Е. (жетекшісі: оқытушы Бекмагамбетова Э.К.), 2-орынды ГД-23-2 тобының студенті  Тажмұханбет Е. (жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Ахметов К.М.), 3-орынды Маш-23-2 тобының студенті Захарченко А. (жетекшісі: п.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Абаева Н.Ф) иеленді.

Асық ату ойынының қорытындысы: 1-орынды ВТ-23-1 тобының студенті Алибеков А. (жетекшісі: т.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Журов В.В.), 2-орынды НД-23-1 тобының студенті Бакишев А. (жетекшісі: аға оқытушы Мергембаева А.Ж.), 3-орынды ПСК-23-2 тобының студенті Тен К. (жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент Мустафина Л.М) иеленді.

Ән сайысы бойынша МД-23-2 тобының студенті Ережеп Айдананың орындауында «Наурыз-думан» әнін орындап барша қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады (жетекшісі: оқытушы Кабиева Г.К). МД-23-1 тобының студенті Кенбаева Айдана Ұлыстың Ұлы күні жасалатын тағам Наурыз көжені дайындауға қажетті тағамдардың түрлерімен таныстырып, ол тағамдардың ағзаға пайдасын айтып өтті. Мерекеге келген студенттер мен кафедра ұжымына дайындаған Наурыз көженің  дәмін татқызды. Мерекелік дастархан жайылып, бата-тілектер айтылды. Мерекелік дастарханда қазақтың ұлттық тағамдары қойылды.

Без рубрики