Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру


2024 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 30 сәуірге дейін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізеді:

  • университет қызметін реттейтін құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда,
  • ұйымдастыру-басқару қызметінде.

Университеттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда мынадай сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына тексерілетін болады:

  1. құқықтық алшақтық;
  2. құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы;
  3. заңдық-лингвистикалық белгісіздік;
  4. дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;
  5. лауазымды адамдар міндетінің орнына құқық белгілеу;
  6. адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын жоғары талаптар;
  7. артық әкімшілік кедергілердің болуы;
  8. функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау.

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. персоналды басқару;
  2. мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету;
  4. рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. бақылау функцияларын іске асыру;
  6. талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Без рубрики