Факультеттер апталығы: Инженерлік экономика және менеджмент факультеті, «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы


11.03.2024 ж. Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің «Экономика және кәсіпорын менеджменті» кафедрасы факультет апталығын өткізді, іс-шараға «TechService 2006» ЖШС директорының орынбасары Акенов Серік Шәкірұлы шақырылды. Шақырылған қонақ өнеркәсіп экономикасы саласындағы білімдерімен бөлісті, «TechService 2006» ЖШС экономистерінің жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға кәсіпорындағы өндірістік практика, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат берді.

Бұдан соң «Кәсіпорынның экономикасы және менеджменті» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.д., профессор З.М. Магрупова факультет пен кафедра, кафедраның білім беру бағдарламалары, оның оқу, ғылыми және тәрбие қызметі туралы ақпаратты әлеуетті талапкерлерге жеткізді.

Кездесу соңында факультет бойынша экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында қатысушылар факультеттің материалдық жабдықтарымен танысты.

Без рубрики