Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да наурызнамның онкүндігі аясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтті


Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастыру және оның мазмұнын идеологиялық мағынамен байыту мақсатында университеттің спорт кешенінде спорттық мереке өткізілді.

          Осы іс-шараның ашылуында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың Басқарма төрағасы-ректордың у.м.а. А.Қ. Қалықов құттықтау сөз сөйледі.

          Спорт мерекесіне қатысушыларға факультет декандары, ЖОО жастар саясаты департаментінің өкілдері, рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңестің төрағасы К.Б. Қызыров; университет түлектері қауымдастығының төрағасы Т.С. Ынтықов, еңбек ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.

Асық ату, арқан тарту, кір спорты бойынша спорттық жарыстарда 9 құрама команда өнер көрсетті: 7 факультет, Инновациялық технологиялар колледжі және студенттік жатақханалар.

Арқан тарту бойынша жарыс қорытындысы:

  • 1 орын — СҚФ;
  • 2 орын — №3 жатақхана командасы;
  • 3 орын — ЭАТФ.

Кір спорты бойынша жарыс қорытындысы:

  • 1 орын — МФ;
  • 2 орын — №3 жатақхана командасы;
  • 3 орын — ЭАТФ.

Асық ату бойынша жарыс қорытындысы:

  • 1 орын — МФ;
  • 2 орын — №3 жатақхана командасы;
  • 3 орын — Инновациоялық технологиялар колледжі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқуда және спортта табыс тілейміз!

Без рубрики