Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да наурызнамның онкүндігі жалғасуда


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжінің ұжымы Наурыз мерекесін ауқымды, көңілді және қызықты атап өтті.

Өз әріптестерін академиялық мәселелер жөніндегі проректордың м.а. — Басқарма мүшесі Г.Е. Самашова, Атқарушы директор А.З. Исағұлов, стратегиялық даму жөніндегі директор Г.С. Жетесова, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі директор Г.Н.Мусина, университет түлектері қауымдастығының төрағасы Т.С. Ынтықов, жастар саясаты департаментінің директоры Р.Р. Бузяков мерекелерімен құттықтауға келді.

Университеттің 1-ші корпусының фойесі біраз уақытқа банкет және концерт залына айналды. Қонақтарға ұлттық тағамдар – дәмді қымыз, бауырсақ, шелпек, бесбармақ, қазы және басқа да тағамдар ұсынылды. Олардың дайындаған мол тағамдары барлық келушілерге жеткілікті болды.

Бірақ уақытша сахнада орын алған мерекелік іс-шара бай тағамды біраз уақытқа ұмытттрып жіберді. Музыка, оқытушылар мен студенттердің орындауындағы әндер, ұлттық салт-дәстүрлердің көріністері – мұның бәрі мерекені шынымен жарқын және ұмытылмас етті. Әрине, ол бір жыл бойы шуақты із қалдырады.

Көктем мен жаңару, жақсылық пен шуақ мерекесі құтты болсын!

Без рубрики