Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті теориялық және жалпы электротехника бойынша Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері С.Анисимов, И.Шайбель, І.Ақышев және В.Демидов (жетекшілері — А.В. Таранов, Г.И.Бокижанов) Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында өткен теориялық және жалпы электротехника бойынша ашық олимпиаданың екінші кезеңіне қатысты.

Олимпиада Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толуына арналған іс-шара аясында өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студент Ақышев Ілияс (ЭЭ-20-3 тобы) үшінші орынға ие болды және ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

Ілиясты табысымен құттықтаймыз және оған оқу мен ғылымда жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики