Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Инновациялық технологиялар колледжі қайырымдылық акциясын өткізді


Наурызнама он күндігі аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда колледж қызметкерлері мен студенттері барлық тілек білдірушілерге ұлттық тағамдардан дәм татырды, оларды мерекемен құттықтады, дәстүрлер мен салттар, ұлттық тағамдардың рецептері туралы айтып берді.

Кез-келген адам колледж оқытушылары мен студенттерінің қолымен дайындалған бауырсақ, шелпек және басқа да дәмді заттар пакетін тегін ала алады. Олардың барлығы колледж ұжымына осындай ерекше және дәмді құттықтаулары үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

Без рубрики