2024 жылғы наурыз айының бірінші он күндігінде «Сириус» федералды аумағында (Ресей) Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті, оған әлемнің 189 елінен 20 мыңнан астам жас көшбасшылар қатысты, олар бизнес, медиа, білім, ғылым, мәдениет, волонтерлік, спорт және басқа да көптеген салалардың өкілдері.
Фестивальге Қазақстан делегациясы құрамында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Жастар саясаты департаментінің Шығармашылық даму орталығының басшысы Смайылов Ілияс қатысып, көп кезеңді конкурстық іріктеуден сәтті өтті.
Фестиваль қатысушылары үшін форумның барлық күндері ішінде ғылым мен білімге, технологиялар мен инновацияларға, мәдениет пен өнерге, гуманитарлық ғылымдар мен әлеуметтік салаға, спорт пен экологияға арналған түрлі шебер-кластар, панельдік сессиялар, пікірталастар ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында барлығы 800-ден астам іс-шара өтті, онда қатысушылар пікірлерімен және тәжірибемен алмасып, әлемнің түкпір-түкпірінен пікірлес адамдар мен достар таба алды.