Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ серіктестерінің қатарында жетекші ұлттық газ компаниясы бар


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ЖОО ғалымдарының «QazaqGaz ҰК» АҚ өкілдерімен кездесуі өтті.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы болып табылады, ол геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді сатумен аяқталатын барлық технологиялық тізбек бойынша өндірістік қызметті белсенді жүзеге асырады.

Кездесуге Басқарма төрағасының геологиялық барлау, өндіру және ресурстық базаны дамыту жөніндегі орынбасары А.А. Битанов, перспективалық жобалар және геологиялық барлау департаментінің директоры А.М. Калимов, перспективалық жобалар және геологиялық барлау департаментінің аға менеджері Д.Г. Төлегенов және «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Кездесу барысында шаруашылық келісімшарттық жұмыстар және ҒЗТКЖ гранттық қаржыландыру аясындағы бірлескен зерттеулер мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар практика базасын ұсыну және компанияның заманауи зертханаларына қол жеткізу арқылы магистранттар мен докторанттарды даярлау мәселелерін талқылады.

Жоғары оқу орны ғалымдарының «QazaqGaz ҰК» АҚ өкілдерімен кездесуі білім беру мекемесі мен Қазақстанның энергетика саласындағы негізгі ойыншы арасында жемісті әріптестік орнатудағы маңызды қадам болды. Ол өндіріске инновацияларды әзірлеу және енгізу, ұлттық газ өнеркәсібі және геологиялық барлау саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау мәселелерінде ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашады.

Без рубрики