Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері атанды


Джиу-джитсудан ел чемпионаты 2024 жылдың наурыз айының бірінші онкүндігінде Қарағандыда, «Жастар» спорт кешенінде өтті. Оған республиканың 20 қаласының өкілдері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің барлық үш студенті жүлдегер атанды.

Сағындық Асылмұрат (АиУ-23-2 тобы) +94 килограмм салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, күміс медальды жеңіп алды.

69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алматай Жігер (С-23-1 тобы) — күміс жүлдегер және Әміржан Сихимбаев (ГД-21-6 тобы) — чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Алматай Жігер мен Сағындық Асылмұраттың жеңістері оларға Грецияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, БАӘ-де өтетін Азия чемпионатына да қатысты.

Барлық студенттерімізді тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!

Оларға оқуда табыс және жаңа спорттық жеңістер тілейміз!

Без рубрики