Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері шет тілдері бойынша халықаралық студенттік онлайн-олимпиадада сәтті өнер көрсетті


Олимпиада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетінің базасында Microsoft Teams онлайн-платформасында өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыру, студенттердің әлеуметтік-мәдени және лингвистикалық елтану құзыреттілігін кеңейту.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері олимпиада қорытындысы бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. Макридина Е. (ғылыми жетекшісі — оқытушы Арабаджи К.) және Рудыкин А. (ғылыми жетекшісі — оқытушы Свич Н.) сәйкесінше II және III орындарға ие болды.

Бұл жетістік біздің студенттердің дайындығының жоғары деңгейін және олардың жоғары бәсекелестік жағдайында үлкен нәтижелерге қол жеткізу қабілетін көрсетеді.

Е. Макридина мен А. Рудыкинді халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиададағы жүлделі орындарымен құттықтаймыз және оқуда табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Без рубрики