Құрметті білім алушылар!


Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне Рессей университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:

 

  1. Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
  2. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialitetahttp://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
  3. Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей) https://abiturient.tpu.ru/bachelor
  4. Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
  5. Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://www.spbgasu.ru/applicants/areas-of-training/
  6. Урал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
  7. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Мәскеу қ., Ресей) https://bmstu.ru/bachelor/majors
  8. Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей) https://www.tyuiu.ru/abitur/bachelor/
  9. Иркутск ұлттық техникалық зерттеу университеті (Иркутск қ., Ресей) https://www.istu.edu/deyatelnost/obrazovanie/urovni

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • гранттық және шарттық негізде білім алатын 2, 3 курс, 4 курс (деканаттың рұқсатымен) бакалавриат студенттері;
  • GPA – 3.0 және одан жоғары
  • Орыс тілін білу
  • Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті

Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімі: 

  • ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісінің, факультет деканының қолымен)
  • ЖОО-ның ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт («Универ» АЖ-да транскрипт алуға болады);
  • жеке куәліктің/паспорттың көшірмесі; 

Болған жағдайда:

  • білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  • студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санаты үшін;
  • студенттің мүгедектігін растайтын құжат

Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде   балдары тең болған кезде артықшылық мыналарға беріледі:

  • GPA баллы жоғары үміткерлер;
  • Шет тілі бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер;
  • жетімдер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар;
  • көп балалы отбасылардан шыққан студенттер.

 

Шығыстарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығыстары, тұруға арналған шығыстар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығыстар).

 

Өтінім беру үшін 01.04.2024 дейін 241 кабинетке (бас корпус) хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Без рубрики