Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ профессоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының толық мүшесі болып сайланды


2024 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының (ҚР ҰИА) Төралқасы көрнекті инженерлер мен ғалымдардың, өндіріс мамандарының, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшыларының қатысуымен жалпы жиналыс сессиясын өткізді.

ҚР ҰИА Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми-инженерлік бірлестік болып табылады.

Жиналыста еліміздің ғалымдары мен инженерлерінің алдында тұрған өзекті мәселелер мен міндеттер қаралды.

Жиналыс аясында ҚР ҰИА жаңа толық мүшелерін (академиктерін) және корреспондент-мүшелерін сайлау өтті.

ҚР ҰИА академигі – толық мүшесі болып Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы ҚазКҚДИ институтының директоры, т. ғ. д., профессор Ж.С. Нугужинов сайланды.

Бұл оқиғаның Дүниежүзілік инженерия күні (World Engineering Day) қарсаңында болғандығы терең мағыналы. Бұл мереке жыл сайын 4 наурызда атап өтіледі және әлемдік қоғамдастық тарапынан аталған сала мамандарының жұмысына құрмет және олардың адамзаттың тұрақты дамуына, адамдардың тұрмысын жақсартуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан үлесін мойындау болып табылады.

Жумагул Смагуловичті ҚР ҰИА академиктерінің құрамына сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз және оған ғылым мен ғылыми-педагогикалық қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!

ҚР ҰИА Қарағанды филиалының төрағасы, ҚР ҰИА академигі, Әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., профессор М.К. Ибатов

Без рубрики