Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы Қарағанды облысының студент жастарының XIII спартакиадасында асық атудан өткен турнирде 1-ші орынды иеленді


Қарағанды облысының студент жастарының XIII спартакиадасы аясында асық атудан турнир өтті.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында бұл ежелгі ұлттық ойын қайта жанданып қана қоймай, танымал, бұқаралық болып, 100 мыңнан астам адам қатысатын кәсіби спорт түріне айналды.

Турнирге алты команда қатысты, оның ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы бар. Оның құрамына студенттер Нұрсұлтан Кәкенов (СиБ-21-1 тобы), Совет Ерасыл (ОПИ-21-2 тобы), Мақсат Төкенов (ЭЭ-22-2 тобы), Айқын Баяуғалиев (ЭЭ-22-2 тобы) кірді. Команданың жаттықтырушысы дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Н.Ж. Тәжібай болды.

Біздің балалар ойдағыдай өнер көрсетіп, турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды иеленді

Біздің команданы жеңісімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

Без рубрики