Erasmus+ KA 1 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық қызметкерлермен алмасу бағдарламасы


Құрметті оқытушылар! 

2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрі (сәуір, мамыр) кезеңінде Erasmus+Teaching Mobility шеңберінде алмасу бағдарламасына Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушыларының қатысуы үшін өтінімдер қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Өтінім беру үшін Халықаралық Ынтымақтастық Орталығына (241 кабинет, бас корпус) хабарласуларыңызды сұраймыз.

Өтініш беру мерзімі: 2024 жылдың 11 наурызына дейін.

Үйлестіруші: Рахимбаева Сабина Ермекқызы

Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы

Тел: +7 (7212) 56-51-97

e-mail: exchange.center@kstu.kz

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Қолданыстағы IELTS сертификаты (бар болса) / шет тілі кафедрасының сертификаты (нақты күнін ХЫО анықтайды)
  2. Түйіндеме (ағылшын тілінде)
  3. Мотивациялық хат (ағылшын тілінде)
  4. Пәннің атауы және сипаттамасы (ағылшын тілінде оқытуға жоспарланған, 8-12 сағат)
  5. Паспорт

Erasmus+ шеңберінде алмасу бағдарламасы үшін серіктес жоғары оқу орны:

  1. Познань техникалық университеті (Познань, Польша).

https://www.put.poznan.pl/ru/node/7088?q=en/node/7088

инстаграм: https://www.instagram.com/politechnika.poznanska/

Грант көлемі: 1510 евро (тұру, сақтандыру полисі, консулдық алым, ұшу).

Без рубрики