30.01.2024 ж. ТЭ-23-1 кураторы аға оқытушысы Бражанова Д.К. «Білім алу құқығы. Білімді ұлт. Сапалы білім беру» ұлттық жобасы» тақырыбында кураторлық мастер класс өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттердің білім алу құқықтары және мүмкіндіктерімен, «Білімді ұлт» ұлттық жобасымен танысуы. Елімізде сапалы білім беру және білім алу заңдылықтарын терең зерттеу.
Мастер класс барысында топ студенттері үлкен ықыласпен қатыса отырып, дайындықтарын көрсете білді. «Білімді ұлт» ұлттық жобасы презентация, баяндамалармен ғана емес, видеокөріністермен көрсетілді. Осы жоба барысында өткізілген брифинг үзінділері көрсетілді. Студенттерді барынша катыстыру мақсатында, бүгінгі таңда сабақ жүргізудің жаңа әдістерінің бірі – кейс стади әдісі қолданды. Студенттер топтарға бөлініп, берілген төрт проблема бойынша барынша ізденіп, талқылап, ортаға салды. Өздерінің көзқарастарын ашық білдіріп, мәселе шешудің оңтайлы жолдарын көрсетті.
Сабақ соңында еліміздің болашақ жоспарлары талқыланды. Мастер класс жоғары деңгейде өтті.
Жоспар:
- Куратордың алғы сөзі (тақырып бойынша қысқаша баяндама);
- Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы (бейнебаян-доклад, презентация);
- Білімді ұлт жобасымен танысуы, міндеттері мен жоспарын талқылау (презентация, брифинг үзінділері);
- Білімді ұлт» жобасынан күтілетін экономикалық әсері
- Кейс стади;
- Қорытынды.
Қажетті деректемелер мен материалдар: компьютер, проектор, презентациялар, тақырыптық материалдар, бейнебаян және т. б.
Қатысушылар: ЭАТФ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бокижанов Ғ.И-М., кураторлар Кусаинова А.Г., Биличенко Е.Н., Таранов А.В., Абильжанова Ф.Б.