2024 жылғы 9 ақпанда «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруі және энергияға көшуді жоспарлау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен Эко-мұражайда өтті. Кездесуде Ұлыбритания елшілігінің Астана қаласындағы климат және жасыл ауысу жөніндегі екінші хатшысы Кирри Хендриксен, сондай-ақ Ұлыбританияның достастық және даму істері министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі доктор Андала Алам сөз сөйледі. «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» атынан «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Н. М.Маликов қатысты.