«Мемлекеттік тіл-менің тілім»


29.02.2024ж. Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде ЖОО студенттері арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты фестиваль өтті.

Аталған фестивальға «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедра ұжымының жетекшілігімен «ТехНАР.kz» командасы қатысты. Команда құрамында: С-23-2 тобының студенттері Коновалова Юлия мен Запорощенко Полина, ИС-23-5 тобының студенті Умурзаков Артур және УИА-23-1 тобының студенті Ермагамбетова Карина болды.

Шарада ТехНАР.kz тобы «Ең алғыр топ» номинациясын жеңіп алды. Студенттердің лайықты өнер көрсетуіне жетекшілік жасағаны үшін «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының ұжымын арнайы дипломмен марапаттады.

Без рубрики