«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
МІ және Г КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Геодезия және маркшейдерлік іс студенттерін дайындау кафедра 1953ж. құрылды. Тек 1958 жылы ол «Маркшейдерлік іс» пен «Қолданбалы геодезия» (1999ж.) мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша тау-кен инженер-маркшейдерлерін мен инженер-геодезисттерді дайындауды іске асырады. Мемлекеттік тілде білім беру 1999ж. бастап жүргізіледі. Инженер-маркшейдерлердің талапкерлерін 2001ж. бастап екінші жоғарғы білім алу үшін кафедра өзекті білім беру факультеті арқылы мамандарды дайындауды жүргізеді.
Кафедраның бірінші меңгерушісі т.ғ.к., доцент Труфанов Иван Андреевич (1953- 1955жж.) болды. Бұл уақытта кафедра «Геодезия» мен «Маркшейдерлік іс» жалпы инженерлі пәндерді оқып, шығаратын кафедра болып саналмады. Негізгі жұмыс материалды-техникалық базаны құру мен маркшейдерлерді дайындау үшін кадрлық құрамды таңдауға бағытталған.
1955ж. бастап 1960ж. дейін кафедраны техникалық ғылымдар докторы, профессор Рудаков Михаил Лазаревич басқарды, ол бір уақытта оқу және ғылыми жұмыс бойынша проректоры болды. Ол жер қойнауды қорғау, пайдалы қазбалардың жоғалтулары мен құнсыздануының ашық әдіспен кен орындарды өңдеу кезінде және ашық кеніштердің жағдаулар тұрақтылығын есептеу саласындағы көрнекті ғалым болды.
Бұл кезеңде «Маркшейдерлік іс» мамандығына студенттердің алғашқы қабылдауы жүзеге асады, оқу-әдістемелік және материалды-техникалық база нығаяды. Тау-кен қазушы кәсіпорындармен ғылыми-зерттеулік жұмыстардың орындалуы мен алғашқы кандидаттық диссертацияларды қорғау басталады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамын, оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базасын құру бойынша негізгі жұмыс үлкен ғалым Иван Иннокентьевич Поповқа тиесілі, ол кафедраны 1960ж. бастап 1990ж. дейін басқарды.
И.И. Попов – Сверловск тау-кен институтын бітірген (1942ж.) тау-кен инженер-маркшейдер, техника ғылымдарының докторы (1972ж.), профессор (1973ж.), ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (1979ж.) және 1990ж бастап 1998ж. дейін кафедра профессоры. 1942ж. бастап 1958ж. дейін ол Урал көмір кәсіпорындарында жұмыс істеген. Мұнда ол шахта, трест, комбинаттың бас маркшейдері мен Свердловск Совхалшар отын өнеркәсіп Басқармасындағы геолог-маркшейдерлік бөлімінің бастығы қызметтерін орындады.
ЖОО-да жұмыс істеу кезінде онымен ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында мойындалған, ашық кеніштердің қияларын басқару мәселесі мен ашық кеніштерде көшкіндердің алдын алу мен күресу бойынша шараларды өңдеу бойынша Қазақстанның ғылыми мектебі құрылды. Онымен 8 монография, 4 оқулық, оқу құралдары мен 120 астам ғылыми мақалалар жарияланды.
Кафедраны 1990ж. бастап 1998ж. дейін Қазақ политехникалық институтын бітірген (1962ж.) тау-кен инженер-маркшейдер, техника ғылымдарының докторы (1986ж.), профессор (1987ж.) Окатов Рафаил Петрович басқарды. ҚарПТИ келер алдында (19687ж.) Окатов Р.П. «Қарағандыкөмір» бірлестігінің 35 шақтысында учаскелік маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол «Тау-кен геометриясы» пәні бойынша оқу құралдарын, маркшейдерия мен ашық өңдеу геомеханикасы салаларындағы брошюралар, 3 монография және 100 астам ғылыми мақалалар жариялады.
1998 жылдан бастап 2017 ж. дейін кафедраны тау-кен инженер-маркшейдер, кафедра түлегі (1977ж.), техника ғылымдарының докторы (1997ж.), профессор, ҚазТҰҒА академигі Низаметдинов Фарит Камалович басқарды. Ол кафедрада қалдырылды, мұнда стажер-зерттеушіден кафедра меңгерушісіне дейін еңбек жолын өтті. «Маркшейдерия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны 1984ж., ал докторлықты 1996ж. қорғады. Онымен 160 астам ғылыми еңбектері жарияланды, соның ішінде 4 монография, 5 брошюра және өнертабысқа 5 патент, 4 ғылым докторы мен кандидаты дайындалды. Ғылыми дәрежелерді беру бойынша ҚарМТУ Д14.61.05 диссертациялық Кеңестің төрағасы. Ғылым мен техника саласындағы жетістіктері, өзінің қосқан үлесі мен еңбегі үшін 1989 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесінің Премия Лауреаты болды, ХШЖК КСРО күміс медалімен (1988ж.), ҚР білім және ғылым Министрлігінің мақтау қағазымен (2003ж.), «Ғылымның дамуындағы еңбегі үшін» кеуде белгісімен (2006ж.) марапатталды, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік гшрантқа ие болды (2007ж.). Ол маркшейдерия мен ашық өңдеу геомеханикасы саласындағы маман.
2017 жылдан бастап Хмырова Елена Никоаевна кафедраны басқарады. Ол техникалық ғылымдардың кандидаты, НААР тәуелсіз агенттіктерінің сараптама комиссиясының мүшесі, «ҚарМТУ-дың құрметті қызметкері» дипломымен марапатталды. Біліктілікті жетілдіруде мамандарды үш деңгейлі оқытуға көшу тұрғысында реформаларды жүзеге асыру және оқу үдерісін жаңғырту үшін «Университеттің үздік оқытушысы — 2014» атағы берілді. 1988 жылдан бастап МІжГ бөлімінде жұмыс істейді. 1987 жылы кафедра түлегі. 1992 жылы аспирантураны бітірді. Ол, ҚР БҒМ бекіткен 2 кітап, 12 оқу құралы, 10 әдістемелік нұсқаулар, 4 электрондық оқулықтар авторы 2 патенті бар. 12 ОПОӘК 6 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде дайындалған.
Ол, 30-дан астам ғылыми баспа жұмыстары бар республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады, студенттік топтар жетекшілік етеді, студенттер диплом және ұлттық деңгейдегі орны жүлделі бар.