Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды


«Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер байқауын «Саналы ұрпақ» клубы және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.

Конкурстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселесінде студент жастардың белсенді өмірлік ұстанымы мен дағдыларын тәрбиелеу.

Аталған байқаудың қазылар алқасы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-пулдың спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың комплаенс-офицері Н.А. Полякова және ҚХАжӘГП кафедрасының аға оқытушысы М.А. Сейдинова қатысты.

Біздің студенттер жарияланған конкурсқа белсенді қатысып, берілген тақырып бойынша бірнеше ондаған жоғары деңгейдегі әлеуметтік бейнетаспалар ұсынды.

Конкурс нәтижесі бойынша мыналар марапатталды:

  • I дәрежелі дипломмен – «Инновациялық технологиялар колледжі» тобы (жетекшісі — оқытушы Өмірбекова Г.Ш.);
  • II дәрежелі дипломмен – «Азамат» тобы (жетекшісі — аға оқытушы М.О.Төлеуова);
  • III дәрежелі дипломмен – «Парасат» тобы (жетекшісі — аға оқытушы Жұматова Г.М.)

Байқаудың қалған қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Без рубрики