Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Тулегенов Асанәлі «Тұлғалар тағдырындағы туған өлке тарихы» атты жас зерттеушілердің Республикалық X Құрылтайында үшінші орын алды


2023 жылы 17 қарашада академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы,  тарих факультетінің 85-жылдығына орай «Тұлғалар тағдырындағы туған өлке тарихы» атты жас зерттеушілердің Республикалық X Құрылтайын өткізді.

Жас зерттеушілердің Республикалық X Құрылтайына еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары және мектеп оқушылары қатысты.

БТ-23-2 тобының студенті Тулегенов Асанәлі ұсынған «Ақкөл өлкемнің тарихы және атақты тұлғалары» тақырыбындағы жұмысы ІІІ дәрежелі Дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі – Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының доцент м.а., ф.ғ.к. Н.Т. Нығметова Алғыс хатпен марапатталды.

Без рубрики