«Алаш» қозғалысының танымал қайраткері, аса көрнекті ақын, педагог, психолог, журналист, қоғам қайраткері, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр.

Осыған орай, 2023 жылдың 15 қарашасында «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент К.С. Калыбекова, ф.ғ.к., доцент Қ.М. Хамзина, аға оқытушылары                     Г.К. Сагатова,  К.К. Нуржанова, Л.М. Кулейменова, М.Т, Оспанғалиева, оқытушы             Н.А. Конуровалардың ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты онлайн форматта республикалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: 

  • жастар арасында Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жазушының өмірі мен шығармашылығы арқылы өз елінің тарихына, өткеніне деген қызығушылық пен құрметті ояту;
  • жас ұрпақтың жалпы оқуға, атап айтқанда Мағжан Жұмабаевтың шығармаларына деген ынтасын қалыптастыру;
  • көркем әдебиетті насихаттау;
  • поэтикалық сипаттағы шығармаларды мәнерлеп оқу дағдыларына үйрету;
  • мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, көркем әдебиет арқылы тіл мәдениетін арттыру;
  • жас ұрпақты адамгершілік және зияткерлікке тәрбиелеу;
  • жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау.

 

Сайысқа Қазақстан Республикасының келесі ЖОО қатысты:

  • «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ;
  • «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ;
  • «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ;
  • «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ;
  • «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» КеАҚ;
  • «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ.

 

Сайыс ІІІ номинация бойынша өткізілді:

  • І номинация «Мәнерлеп оқу шеберлігі»;
  • ІІ номинация «Дауыс ырғағы мен сөйлеу тазалығы»;
  • ІІІ  номинация «Мазмұнды бейнежазба». 

 

Сайыстың қазылар алқасы:

  • Ә.Б.  Жұманов  – Қарағанды «Арқа ақшамы» газетінің бас редакторы, «Айқын» газеті Қарағанды облысындағы тілшісі;
  • А.Н. Манакбаев – Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқытушысы;
  • Г.Қ. Жақыпханқызы – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  Редакциялық-баспа бөлімінің редакторы.

 

«Мен жастарға сенемін!» атты онлайн форматта республикалық мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары: 

І номинация – «Мәнерлеп оқу шеберлігі»:

  • І орын –   «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ  1-курс студенті Д. Своеволина (жетекшісі: К.О. Жекеева);
  • ІІ орын –  «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» КеАҚ 2-курс студенті  А.Сәкенқызы  (жетекшісі: Л.Акшабаева);
  • ІІІ орын  – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ            ГД-21-5 тобының студенті Т.Қайдар   (жетекшісі: К.М. Хамзина); ТТ-23-1 тобының студенті Ж.Койшын (жетекшісі: Л.М. Кулейменова).

 

ІІ номинация – «Дауыс ырғағы мен сөйлеу тазалығы»:

  • І орын – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ            АиУ-21-1 тобының студенті Е.Канагат (жетекшісі  М.Т. Оспангалиева);
  • ІІ орын – «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ 4-курс студенті Н.Төкенова (жетекшілері: С.К. Ережепова);
  • ІІІ орын  – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ  СИБ-23-2 тобының студенті Ш. Бадай (жетекшісі: Н.А. Конурова).

 

ІІІ  номинация – «Мазмұнды бейнежазба»:

  • І орын –   «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ 3-курс студенті С. Зейкенова  (жетекшісі: М.Т. Есматова);
  • ІІ орын – «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ  1-курс студенті  Ж. Анаева (жетекшісі: Ғ.Ғ. Шәрібжанова);
  • ІІІ орын  – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ            ЛОГ-23-2 тобының  студенті Т. Сергазина  (жетекшісі: К.К. Нуржанова); ЭЭ-23-4 тобының  студенті  С. Мартынов (жетекшісі: Г.К. Сагатова).  

 

 Сайысқа қатысқандары үшін төмендегі студенттер алғыс хатпен марапатталды:

  • «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ 1-курс студенті Т. Карашина (жетекшісі: Г.М. Нургужина);
  • «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ 3-курс студенті Ж. Жанарбекқызы (жетекшісі: М. Есматова);
  • «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ 1-курс студенті С. Слямханова (жетекшілері: С.К. Ережепова);
  • «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 1-курс студенті Т. Нұржанқызы;
  • «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ОП-23-1с М. Тусупбеков (жетекшісі: М.Т. Оспангалиева);
  • «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ АРХ-23-6 тобының студенті Э. Мамедова (жетекшісі: М.Ә. Хасен);
  • «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ СИБ-22-2 тобының студенті Т. Ахметов (жетекшісі: Г.М. Абилкасов);
  • «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ ИС-23- тобының студенті  А. Қанатов (жетекшісі: Г. Абилдаева).
Без рубрики