Ғылым


Кафедраларда ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі: “Экономистердің кәсіби эрудициясын арттырудағы элективті пәндердің ролі”, “Техникалық мамандықтардың экономикалық пәндер бойынша оқу үрдісін жетілдіру” және “Техникалық университетте студенттердің экономикалық дайындық деңгейін бағалау”.

Соңғы екі жылда 200 астам ғылыми мақала, 8 монография жарық көрген.

Факультетте 2004 жылдан бастап Бизнес – лаборатория әрекет етеді. Бизнес лабораторияда студенттер маркетингтік зерттеулер жүргізіп, бизнес-жоспарлар жасайды.  «Мың дауыс» атты студенттік маркетингтік  жоба нәтижесінде арнайы термопресс алуға АҚШ Әлем Корпусы грантын алды (2006ж.).

ЭМФ студенттері халықаралық және аймақтық конференцияларға белсенді қатысады: 2008 жылы Оц-06-2 тобының студенті Елисеева Т. Новосибирск  қаласында 2 орынды иеленді, Э-07-2с тобының студенті Султанов Д. Екатеринбург қаласында 3 орынды иеленді. 2010 ж.  сәуір айында ҚарМТУ-да жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми студенттік конференцияда  ОЦ-07-2 тобының студенті Савчишина Ю. 1 дәрежелі дипломмен мараппатталды, Мен-09-2 тобының студенті Козыканова Д.М. 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2010 жылдың 13 сәуірінде «Болашақ» Қарағанды университетінде өткен ІІ республикалық  ғылыми-практикалық  конференцияда Э-08-2  тобының студенті Ерденов С.К.  3 дәрежелі дипломмен марапатталды. 2010 жылы Э-07-4 тобының студенті Шемчук А. Қазақстандағы AIESEC- «TOP TALENTS»  (АСКО сақтандыру компаниясы) өткізген жобаға қатысып, сертификатпен марапатталды.

Математикадан оқу орыныішілік олимпиадада институт студенттері екінші (Э-08-3 тобының студенті Ящук М.) және үшінші орындарды (БУС-08-2 тобының студенті Сагимбаева Г.) иеленді.

Мен-10-1 тобының студенті Қалиева М.Е. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМу-да өткен «Жаңа буын және ҚР экономикалық дамудың қазіргі мәселелері» атты VI аймақтық студенттік ғылыми-практикалық конференцияда мақтау қағазымен мараппатталды.

Э-10-2 тобының студенті Рахишева Г.Н. 2011 жылдың 11 наурызында ҚарМТУ-да өткен «Техникадағы, технологиядағы, білімдегі инновациялар» атты Жоғары оқу орындар арасындағы студенттік  конференцияда мақтау қағазымен мараппатталды.

 

Инженерлік экономика және менеджмент факультетінің ғылыми — зерттеу қызметінің негізгі бағыттары

 

 

Инженерлік экономика және менеджмент факультеті

(декан Бирюков В.В.)

«Ғаламдану шарттарында Қазақстан Республика экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату»

Кафедра

Ғылыми бағыт атауы

КЭ

(каф. мең. Ахметжанов Б.А.)

Қазақстанның тау-металлургиялық кешені үшін вертикальді — интеграцияланған құрылымдар моделін әзірлеу және енгізу

ИКМ

(каф. мең. Стеблякова Л.П.)

Қарағанды облысының қызмет көрсету кәсіпорындарында олардың тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін дағдарыс және дағдарыстан кейінгі дамуын арттыру мақсатында инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу

 

 

 

                                 ИЭжМФ деканы                                                    В.В.Бирюков

Без рубрики