«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де мамандарды бірлесіп даярлау бойынша көшпелі кеңес өтті


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да 15 жылдан астам уақыт бойы әрекет ететін «Корпоративтік университет» инновациялық-білім беру консорциумы бойынша келісім аясында «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-де мамандарды бірлесіп даярлаудың кең ауқымды мәселелері бойынша көшпелі мәжіліс өтті.

Мәжіліске басқарма басшысы Б.Ж. Санбаев, басқарма басшысының орынбасары Ж.А. Жылқыбаев, сондай-ақ «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің» өкілдері — атқарушы директор А.З. Исағұлов, ғылым және инновация департаментінің бөлім бастығы Р.К. Әзілханов, «Кеніш аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының меңгерушісі Н.Р. Жолмағамбетов, кафедра профессоры Ю.Д. Обухов, кафедра доценті Н.К. Цой қатысты.

Мәжіліс барысында: дипломдық жобалаудың консультанттары мен рецензенттері ретінде басқарма мамандарын тарту туралы; экологиялық проблемалар бойынша университет студенттері үшін көшпелі дәрістер ұйымдастыру туралы; ТжКБ, жоғары білім базасында білім алу, университеттің білім беру бағдарламалары бойынша басқарма қызметкерлерінің магистратурада оқу мүмкіндігі туралы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қарағанды өңірі экологиясының өзекті мәселелері мен проблемалары бойынша бірлескен ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.

Без рубрики