09.06.2023ж. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ 1 курс студенттерімен СИБ-22-1, СИБ-22-2, СИБ -22-3, СИБ-22-4, СИБ-22-5 топтарында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Шараның мақсаты студенттерге мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі екенін түсіндіру. Студенттердің бойында патриоттық рухты тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы СИБ-22-4 тобының кураторы — Дүйсенбекова С.Д. Дөңгелек үстелге шақырылған 1 курс кураторлары: Бигалиева А.З., Шегетаева А.Қ., Аубакирова А.Е., Леонтьева А.М., Абдин А.Ж.