Докторлық (PhD) диссертацияны сәтті қорғауымен құттықтаймыз!


Жастардың кадрлық әлеуетін дамыту – Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ қызметіндегі басым міндеттердің бірі. Ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау университетте PhD докторантура шеңберінде ғылыми-өндірістік саланың 8 өзекті бағыты бойынша жүзеге асырылады, олар бойынша диссертациялық кеңестер ойдағыдай жұмыс істейді.

Сонымен қатар, біздің оқытушылар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында және шетелде гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бағыттар бойынша білім алып, табысты қорғауда.

Біздің университетте жыл сайын өсіп келе жатқан дәрежелі оқытушылар саны қуантпай қоймайды. Өйткені бұл оқытушылардың жеке және кәсіби өсуінде маңызды көрсеткіштерінің бірі, бұл, сайып келгенде, жалпы ЖОО-да білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Жақында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде PhD докторлар қатары тағы да толықты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Н.Ж. Сәрсенбеков 8D02201-«Философия» білім беру бағдарламасы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторлық диссертациясын (PhD) сәтті қорғады.

Нұрсұлтан Жұмабекұлын табысты қорғауымен құттықтаймыз және оған ғылыми және педагогикалық қызметте одан әрі табыстар тілейміз!

Без рубрики