жаңалықтар


20.02.2013 ж.

2013 – жылдың 25-26 ақпанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Республикалық «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық модернизациясы: мәселелер және шешу жолдары» тақырыбына ҚарМТУ-дың 60 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

20.09.2012 ж.

2012 жылдың 6-17 қыркүйегі аралығында Циттау/Герлитц қолданбалы ғылымдар Институтының бірінші проректоры, профессор, экономика ғылымдарының докторы Роланд Гизе дәрістер оқыды, мастер-кластар жүргізді.

15.06.2012 ж.

2012 ж. 6-8 маусым аралығында «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценттері э.ғ.к. Хишауева Ж.Т., э.ғ.к. Шаметова А.А., «Кәсіпорын менеджменті» кафедрасының аға оқытушылары Аубакирова М.А., Қуатова А.С. «Сауда саясатының мәселелері және оны жүзеге асыру құралдары» атты Европалық Одақ жобасының жетекшісі Мариус Бордалба ұйымдастырған Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да өткен семинарға қатысты. Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды: «БСҰ жүйесі және құқықтық аспектілері», «Сауданы қорғау құралдары».Семинар соңында сертификаттар берілді.

 

Э.ғ.к. Хишауева Ж.Т., э.ғ.к. Шаметова А.А.,  аға оқытушылар Аубакирова М.А., Қуатова А.С. Мариус Бордалбамен бірге

21.05.2012 ж.

2012ж. 18 мамырында Экономика Институты «Қазақстан экономикасының әлеуметтік-экономикалық модернизациясы» тақырыбына дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столға э.ғ.д., профессор, Аймақтық даму Институтының директоры Әлімбаев А.А.,  э.ғ.д., ҚҚЭУ профессоры Айнабек Қ.С., э.ғ.д., М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры Покрытан П.А., э.ғ.д., Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры Андарова Р.К., кәсіпкерлердің  Евразиялық Ассоциациясының төрағасы Алдонгаров Ж.Т., «Фемида» ҚА инновациялық даму жөніндегі проректоры Бакирова А.Н., э.ғ.к., «Болашақ» Қарағанды университетінің доценті Петренко Е.С. және ҚарМТУ ЭИ ПОҚ қатысты.

28.04.2012ж.

Экономика Институтының Э-11-1м, Э-11-2м топтарының магистранттары 2012ж. 16 -27 сәуір аралағында Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінде  іс-тәжірибеден өтті.

10.04.2012 ж.

2012 ж. 9 сәуір 5 мамыр аралығында халықаралық серіктестік шеңберінде «Экономикалық теория», «Экономикалық зерттеулер әдістемесі», «Жүйелер теориясы және жүйелік талдау» курстары бойынша  М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің проф., э.ғ.д.Покрытан Павел Анатольевич Экономика Институтында дәріс оқиды.

 

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің проф., э.ғ.д.

Покрытан Павел Анатольевич

27.03.2012 ж.

2012 жылдың 27 наурызында ҚарМТУдың  акт залында ҚарМТУ ректоры, ҚР  ҰҒА Академигі Газалиев А.М. Экономика Институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен және студентттерімен кездесті.

Бұл кездесуде бірінші проректор – Ибатов М.К., Оқу ісі жөніндегі проректор – Егоров В.В. сөз сөйледі. ҚарМТУ ректорына әртүрлі маңызды сұрақтар қойылды.

Без рубрики