Рейтингті құру кезінде түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапасы және білім алушылардың жетістіктері ескерілді.
Зерттеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша жұмыс берушілерді тарта отырып, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жүргізді.
Рейтингке университеттің 30 білім беру бағдарламасы қатысты, оның 23-і ТОП-10-ға кірді.
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті осы рейтингте өзінің үздік позициясын тағы да растады, бұл бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын, ЖОО-ның даму стратегиясының халықаралық танылуын және тиімді саясатын тағы да растайды.