Қызметкерлер


 

НФК1

НИЗАМЕТДИНОВ ФАРИТ КАМАЛОВИЧ

Техника мен ғылым саласындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Премиясының

Лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор. ҚарПТИ бітіргеннен кейін «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасында қалып, инженерден профессорға дейін жолды өтті, кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді (1998-2008). 2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың қаңтарына дейін – ҚарМТУ ғылыми жұмыс пен халықаралық байланыстар бойынша проректор. 2009 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі күнге дейін – ҚарМТУ Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының меңгерушісі. Маркшейдерия және геодезия, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық қазудың геомеханикасы саласындағы маман. 120-дан астам баспа еңбектерінің авторы, соның ішінде үш монография, он брошюра мен авторлық куәліктер. КСРО ХШЖК күміс медалімен (1988ж.), ғылым және техника облысындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесі премиясымен (1989ж.), ҚР БҒМ Мақтау қағазымен (2003ж.), «ҚР ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ кеуде белгісімен (2007ж.) марапатталған. «Жыл инженері» атағы берілді (1990ж.). «ЖОО үздік оқытушысы» грантымен атап өтілді.

 

СО1

СӘБДЕНБЕКҰЛЫ ӨМІРЗАҚ

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынның профессоры, техника

ғылымдарының докторы. 1962 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Тербеліс үрдісін, оның ішінде сейсмологиялық және әр түрлі деформация түрлерінің айқындалған ошақтары-ның орындарын  болжау мақсатымен  тау-кен  жыныстарының шыңтастарының жағдайын бағалау үшін «Ө.С БАБО»  (Өмірзақ Сәбденбекұлы. Бірлік алаңша-лардағы бағандардың орнықтылығы) тәсілі  дайындалған. «Ө.С. БАБО»  тәсілі  пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары жүргізілетін жерлерде, гидро-құрылыстар, градоқұрылыстар және т.б. салынып жатқан аймақтарда гео-механикалық және экологиялық жағдайларға техногендік факторлардың ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. Өмірзақ Сәбденбекұлы  5 ғылым  кандидаттарын дайындады. Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 112, оның ішінде 106-сы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейінгі еңбектері, 3 оқу құралы, 2 ғылыми монография сы, 3 авторлық  куәлігі,  1 патенті, 14  предпатенті бар. 1993ж.  Жезқазған  облысының  білім және ғылым, мәдениетті дамыту  қорының  дипломымен,  2005ж.  О.А. Байқоңыров атындағы  ЖезУ-нің алтын белгісі мен алғысхатпен марапатталды.

ДВН1

ДОЛГОНОСОВ ВИКТОР НИКОЛАЕВИЧ

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынның профессоры, техника ғылымдарының докторы. МІ ж Г түлегі. 4 пән бойынша дәріс оқиды. Белсенді  педагогикалық  және ғылыми қызметін жүргізеді.  40-тан  аса ғылыми басылымдардың, 3 оқу құралының авторы. ЭОҚ-ның 3 пәні бойынша 10 аса электронды оқу құралдарын (Интернет болжам)  және 20-дан  аса слайд-дәрістер шығарды. Еңбек қызметінде жоғарғы табыстары  үшін  «Шахтер даңқы»  белгісімен марапатталды (2009ж.). Ол кафедрада магистранттармен бірге жұмыс істеу бойынша жауапты болып табылады және  кафедра мен факультеттің ұйымдастыру-методикалық жұмыстарына және қоғамдық өміріне белсене қатысады. Топ кураторы болғандықтан студенттер арасында тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

ОСГ1

ОЖИГИН СЕРГЕЙ ГЕОРГИЕВИЧ

профессор, техника ғылымдарының докторы. МІ ж Г кафедрасының түлегі (1984ж.).  1992-1996 жж. Шұбаркөл кенішінде  участкелік маркшейдер болып жұмыс істеді. 1994 ж. кандидаттық диссертация қорғады. 1999-2001 жж. –  «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша ҚарМТУ докторантурасын аяқтады.  2001-2006 жж.  ҚарМТУ –нің МІ ж Г кафедрасының  доценті болып қызмет жасады. 2006ж. ҚарМТУ-нің ғылым басқару және  халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы болып  жұмыс істеген. Тау-кен геомеханикасы  бойынша 70-тен  аса ғылыми еңбектердің авторы. Пайдалы қазбалар кенорындарында ҒЗЖ орындаушы болып келеді. Еңбек қызметі  уақытында  бірнеше мәрте ректорат атынан  мақтау грамоталары мен алғыстарға ие болды.

_DSC8084+

ЖҰМАДІЛДА БАЛҒА ЫСҚАҚҰЛЫ

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынның доценті, техника ғылымдарының кандидаты.  Топографиялық -геодезиялық  және  картографо-топографилық пәндер бойынша  қазақ тілінде  3 оқу құралдарының авторы болып табылады.  Жер қойнауын рационалды түрде пайдалану саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын орындайды. Алынған нәтижелері  өндіріске  енгізілді және басылымдарға шығарылды. Геоэкологиялық көріністердің  картографиялық суреттеу тәсілін өңдеу және карто-морфометриялық есептерді шығарумен айналысады.  Басылып шығарылған ғылыми мақалалары бар. «Айбын еңбек үшін» мерейтойлы медалімен,  жұмыста озат  табыстары үшін «КСРО жоғарғы мектебі» кеуде белгішесімен,  «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды (1988ж.). Ол 55 ғылыми еңбектерін басып шығарды.

ОСБ1

ОЖИГИНА СВЕТЛАНА БОРИСОВНА

2001 жылдан бастап  МІ ж Г кафедрасында аға оқытушы  қызметінде жұмыс істейді. 2006 ж.  бастап -техника ғылымдарының кандидаты, доцент.  МІ ж Г кафедрасының түлегі (1988ж.).  ЭОҚ  дайындалған  5  пән бойынша  дәріс береді.  7  типтік оқу бағдарламасының  авторы. 50-ден  аса  ғылыми еңбектері бар,  белсенді ғылыми және педагогикалық  қызмет атқарады.  «Маркшейдерия, геомеханика және жер қойнауының геометризациясы» ҒЗЛ-ның жетекшісі болып табылады. 3 дәрежелі «Шахтер даңқы»  белгісімен марапатталды.

СОВ1

СТАРОСТИНА ОЛЬГА ВАСИЛЬЕВНА

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты. МІ ж Г кафедрасының түлегі (1987ж.),  1999-2001ж.ж.  – аспирантурада оқыды.  2001 жылдан бастап МІжГ кафедрасында ассистент болып жұмыс істеді, ал  2004 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007ж. доцент атағын алды.  ЭОҚ  дайындалған  4 пән бойынша  дәріс береді.   30-дан  аса  ғылыми басылымдары, 2  оқу құралы бар, белсенді ғылыми және педагогикалық  қызмет атқарады.

 

ОГБ1

БЕСИМБАЕВА ОЛЬГА ГАЗИСОВНА

1999 жылдан бастап МІжГ кафедрасында аға оқытушы қызметінде жұмыс істейді, техника ғылымдарының кандидаты.  МІ ж Г кафедрасының түлегі . ЭОҚ  дайындалған  6 пән бойынша  дәріс береді.  3 оқулықтың авторы, бакалавриат бойынша МЖБС-мен  сәйкес  4 типтік  оқу бағдарламаларын,  қазақ тілінде 3 ОПОӘК және орыс тілінде  5 ОПОӘК дайындады.  2007 жылы 1 оқу құралы мен  зертханалық  және тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған 4 әдістемелік нұсқау дайындалды және басылып шығарылды.  12 ғылыми басылымдары бар. Ғылыми конференцияларға белсенді түрде араласады, студенттердің ғылыми жұмыстарын басқарады.

 

ХЕН1

ХМЫРОВА ЕЛЕНА НИКОЛАЕВНА

1988 жылдан бастап МІжГ кафедрасында жұмыс істейді . 1992 жылы аспирантураны аяқтады. 1997 жылдан бастап аға оқытушысы қызметін атқарады. 6 пән бойынша дәріс береді. 2 оқулықтың, 2 оқу құралының, 10 әдістемелік нұсқаулардың, 4 электронды оқулықтардың авторы болып табылады. 6 пән бойынша 12 қазақ және орыс тілдерінде ОПОӘК дайындады. 30-дан аса ғылыми еңбек басылымдары, 30-дан аса ғылыми еңбектері бар. Республикалық және Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысады, студенттердің үйірмесін басқарады. Студенттер Республикалық дәрежедегі құрмет қағаздары мен жүлделі орындарға ие.

ЖГЕ1

ЖУНУСОВА ГУЛЬНАРА  ЕРГАЛИЕВНА

1965 жылы туылған, қазақ, 1980 ж.  Абай  тау-кен техникумын, 1995ж. «Маркшейдерлік іс» мамандығы  бойынша Мәскеу ашық тау-кен университетін аяқтады. 2003ж. желтоқсан айынан бастап ҚарМТУ  МІжГ кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты.  Халықаралық конференцияларда басылымдары  бар  (3 дана). 19 силабус дайындады.

КАЗ1

КАПАСОВА АЙЗАДА ЗАРЛЫКОВНА

МІжГ кафедрасының доценті.  1999 ж. «Маркшейдерлік іс» мамандығы  бойынша  ҚазҰТУ – тін озат болып аяқтады (Алматы қ.). 2001 ж. бастап ҚарМТУ-нің МІжГ кафедрасында  жұмыс атқарады. Мемлекеттік тілде 8 пән бойынша дәріс оқиды және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.  Қазақ тілінде жазылған  5 оқу-әдістемелік жұмыстардың авторы болып табылады, 5 ғылыми басылымдары бар.

 

ТЖЗ1

ТОЛЕУБЕКОВА ЖАНАТ ЗЕКЕНКЫЗЫ

1965 жылы туылған, «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша 1988 ж. ҚазПТИ аяқтады. Техника ғылымдарының кандидаты. МІжГ кафедрасының доценті. 15 жылдық өндірістік сынақ істен өтті. 7 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде дәрістік сабақтар өткізеді. Жоғарғы геодезия бойынша геодезиялық оқу тәжірибе ісін басқарады. Халықаралық конференцияларда (3 дана), басқа басылымдарда басылымдары,  бар (9 дана), 12 дана ОПОӘК дайындады.

МДВ1

МОЗЕР ДМИТРИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ

МІжГ кафедрасының доценті. 2001ж. «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша  ҚарМТУ-тін, 2002ж. магистратураны, ал 2005 ж. аспирантураны озат болып  аяқтады. 2006 жылы ҚарМТУ халықаралық қатынастар секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000ж. «Deutsch als Fremdsprache» Гёте  институтінің сертификатын алды. Сол жылы  Германияның Клаусталь қаласында ехникалық университетінде ғылыми білімді жоғарлатудан өту үшін ДААД неміс қорының халықаралық грантын ұтып алды (3 ай) . 2007 жылы тау-кен факультетінің студенттерімен бірге Германияға Циттау/Герлитц институтына және Клаусталь техникалық университетіне іс сапар ұйымдастырды. Мозер Д.В. №11 « Маркшейдерия, геомеханика және жер қойнауының геометризациясы» ҒЗЗ жүргізетін ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысады, басылымдары бар, оның ішінде халықаралық конференцияларда, 2 өнертабыс патенті бар. Университеттің, факультеттің, кафедраның қоғамдық өміріне белсене араласады. Студенттердің ғылыми жұмыстарын басқарады.

НРФ1

НИЗАМЕТДИНОВ РИНАТ ФАРИТОВИЧ

МІжГ кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты. «Өнеркәсіптегі экономика» мамандығы бойынша ҚарМТУ аяқталды (2002ж.). Университетте жұмыс істеу барысында келесі өнеркәсіптерде ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізуге қатысты: ЖШС «Корпорация Казахмыс», АҚ «Жайрем ТКБК», ЖШС «NOVA Цинк» және т.б. Жүргізілген зерттеулердің негізгі бағыты: ашық кеніш жағдауларының тұрақтылық жағдайына аспаптық бақылау. Оның 10 басылым еңбектері, монографиясы, оқу құраладары бар.

 

SONY DSC

НИЗАМЕТДИНОВ НАИЛЬ ФАРИТОВИЧ

МІжГ кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты. 2006ж. «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша ҚарМТУ-тін аяқтады, қосымша сырттай Томск мемлекеттік басқару жүйесі мен радиотехника университетін аяқтады (ТБЖРУ). Университетте жұмыс істеу барысында келесі өнеркәсіптерде ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізуге қатысты: ЖШС «Қазахмыс Корпорациясы», АҚ «Жайрем ТКБК», АҚ «ССГПО» және т.б. Жүргізілген зерттеулердің негізгі бағыты: ашық кеніш жағдауларының тұрақтылық жағдайына аспаптық бақылау. Оның 21 басылым еңбектері, монографиясы, оқу құраладары бар. 2008 жылы Мәскеу (Ресей) және Хеербург (Швейцария) қалаларында ГИЖ технологиялары мен заманауи маркшейдерлік-геодезиялық аспаптар бойынша тренингтерге барды. Күндізгі және сырттай бөлімшелер топтарында «Маркшейдерлік жұмыстардың автоматизациясы», «GPS технологиялар», «Жоғарғы геодезия» пәндері бойынша зертханалық пен тәжірибелік сабақтар өткізеді .

БАС

БАХТЫБАЕВА АСЕЛЬ СЕРИКБАЕВНА

2005ж. «Маркшейдер-лік іс» мамандығы бойынша ҚарМТУ-тін озат болып аяқтады . 2005-2007 жж. 6N0707 «Тау-кен ісі» бағыты бойынша магистратураны аяқтады. 2005 ж. МІжГ кафедрасында ассистент қызметінде жұмыс істеді, ал 2007 ж. бастап магистр, МІжГ кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады. 8 пән бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Халықаралық конферен-цияларда 2 ғылыми басылымдары бар, подготовила 2 ОПОӘК дайындады, оның ішінде 1 мемлекеттік тілде. Кафедраның қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласады.

ОСП1

ОЛЕНЮК СЕРГЕЙ ПЕТРОВИЧ

МІжГ кафедрасының оқытушысы. 2006 жылы «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша ҚарМТУ-тін аяқтап, 25.00.20 – «Геомеханика (геофизика, кеніш аэрология, жарылыспен тау жыныстарының қиратуы)» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне түсті. 2009 ж. бастап МІжГ кафедрасында қызмет етеді. Техника ғылымдарының кандидаты. 4 пән бойынша дәріс береді.  Сабақтарын слайд-дәрістер мен презентацияларды пайдаланып жүргізеді. 2 пән бойынша слайд-дәрістерге берілген куәлігі бар. Кафедраның қоғамдық және ғылыми өмірінде белсене араласады.

 

САК1

САТБЕРГЕНОВА АСЕЛЬ ҚУАНДЫКОВНА

МІжГ кафедрасының оқытушысы, магистрі. 2008 жылы 050707 «Тау-кен ісі» бағытының «Маркшейдерлік іс» траекториясы бойынша ҚарМТУ-тін озат болып аяқтады. 2010-2012 жж 6М0711 «Геодезия» мамандығы бойынша магистратураны үздік дипломмен бітірді. 7 пән бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс бағдарламаларын, силлабустар, ОПОӘК, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар мен білімді бақылайтын тестілік тапсырмалар дайындады. Сабақтарын мультимедиялық презентацияларды пайдаланып жүргізеді, бірнеше куәліктері бар. 2007 жылдың қазан айынан бастап ҚарМТУ-нің жанындағы жастар орталығында домбра ансамбілінің жетекшісі болып келеді, салтанатты іс-шараларға, концерттік бағдарламаларға, Университеттің кәсіптік бейімделу шараларына, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына, студенттік, жоғарғы оқу арасында өтетін конференцияларға қатысады.

КАА1

КУАНЫШБЕКОВА АСЕМКУЛЬ АТАБЕКОВНА

МІжГ кафедрасының аға оқытушысы. «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша ҚарМТУ-нің  түлегі. 2006-2008 жж. ізденуші болды. Мемлекеттік тілде 9 пән бойынша дәріс оқиды. Барлық пәндері бойынша студенттер үшін дайындалған силабустары мен жұмыс бағдарламалары бар, ОПОӘК мен білім бақылауға  арналған тестер дайындады.  Сабақтарын слайд-дәрістер мен презентацияларды пайдаланып жүргізеді. Факультеттің, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене араласады. Студеттермен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді . Студенттер арасында тәрбие жұмыстарын өткізеді. Қазір кафедрада «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша МАК хатшысы болып табылады.

ИМБ1

ИГЕМБЕРЛИНА МАРЖАН БАЗАРБАЕВНА

Аға оқытушысы «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының Барлық пәндері бойынша студенттер үшін дайындалған силабустары мен жұмыс бағдарламалары бар, ОПОӘК мен білім бақылауға арналған тестер дайындады. Сабақтарын слайд-дәрістер мен презентацияларды пайдаланып жүргізеді. Факультеттің, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене араласады. Студеттермен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді . Студенттер арасында тәрбие жұмыстарын өткізеді.

ТАС1

ТҰЯҚБАЙ ӘСЕМ СЕРІКҚЫЗЫ

маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасының оқытушысы. 2008 жылы 050707 «Тау-кен ісі» бағытының «Маркшейдерлік іс» траекториясы бойынша ҚарМТУ-тін озат болып аяқтады. 5 пән бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстардан сабақ жүргізеді. Жұмыс бағдарламаларын, силлабустар, ОПОӘК, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар мен білімді бақылайтын тестілік тапсырмалар дайындады. Сабақтарын мультимедиялық презентацияларды пайдаланып жүргізеді, бірнеше куәліктері бар. Кафедраның қоғамдық және ғылыми өміріне белсене араласады.

 

КЕВ1

КАЙГОРОДОВА ЕВГЕНИЯ ВЛАДИМИРОВНА

«Маркшейдерлік іс және геодезия» — кафедрасының оқытушысы. 2006 ж Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Маркшейдерлік іс» мамандығын бітірді. 8 пән бойынша зертханалық және тәжірибелік жұмыстардан сабақ жүргізеді. МІжГ кафедрасында Сырттай қашықтықтан оқыту факультетіне жауапты. Университеттің кәсіптік бейімделу шараларына, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына, студенттік, жоғарғы оқу арасында өтетін конференцияларға қатысады.

ДРН1

ДЖАМАНТЫКОВА РАУШАН НУРКАТОВНА

МІжГ кафедрасының ассистенті. 2006 жылы «Маркшейдерлік іс» мамандығын бойынша ҚарМТУ-тін озат болып аяқтады. Маркшейдерлік іс бойынша зертханалық және тәжірибелік сабақтар жүргізеді. Жұмыс бағдарламаларын, силлабустар, ОПОӘК, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар мен білімді бақылайтын тестілік тапсырмалар дайындады. Университеттің кәсіптік бейімделу шараларына, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына, студенттік, жоғарғы оқу арасында өтетін конференцияларға қатысады. Кафедра бойынша аға кураторлық қызметіне жауапты.

ГТИ2

ГУЩИНА ТАТЬЯНА ИВАНОВНА

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынның оқу шебері. ҚарМТУ-нің «Маркшейдерлік іс» мамандығын бітірді. 1991 жылдан бастап институтта қызмет етеді, ал маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасында 1994 жылдан бастап қызмет істейді. Оқу сабақтарының тиімді өткізілуді және кафедрада бар өлшеу аспаптарының қолданып СОӨЖ өткізуді қадағалайды. Кафедраның қоғамдық өміріне белсене қатысады.

КАД1

КАРАНЕЕВА АЙНУР ДЮСЕМБАЕВНА

МІжГ кафедрасының инженері. 2006 жылы «Физика» мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ бітірді. МІжГ кафедрасында 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Кафедра бойынша материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша жауапты. Өрт кезіндегі қауіпсіздік бойынша студенттерге және ПОҚ-на инструктаж өткізеді. Кафедраның қоғамдық өміріне белсенді араласады.

 

 

АЖ1

АЛДАНЫШ ЖАДРА

МІжГ кафедрасының инженері. 2012 жылы «Геодезия және картография» мамандығы бойынша ҚарМТУ бітірді. 2012 жылдан бастап МІ және Г кафедрасында жұмыс атқарады. Кафедра хаттамаларына жауапты. Кафедраның қоғамдық өміріне белсенді араласады.

 

Пуль

ПУЛЬ ЭДУАРД КОНСТАНТИНОВИЧ

МІжГ кафедрасының инженері. 2012 жылы «Тау кен ісі мамандығы («Маркшейдерлік іс» тракториясы) бойынша ШМТУ (Өскемен қаласы) бітірді. Кафедра хаттамаларына жауапты. Кафедраның қоғамдық өміріне белсенді араласады.

Без рубрики