Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да студенттері мен оқытушыларының Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силвамен кездесуі өтті


Қарағандыда болудың тығыз кестесіне қарамастан, ол командасы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткен студенттер лигасында футзалдан ҚР Чемпионатында 2-ші орынды иеленген университет басшылығының шақыруына ықыласпен келісті.

Қонаққа және оны ертіп келген адамдарға құттықтау сөз сөйлеген Басқарма мүшесі – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Қалықов Абай Қобландыұлы 70 жыл ішінде 100 мыңнан астам жоғары білікті мамандар даярлаған біздің университет туралы қысқаша айтып берді. Олардың көпшілігі біздің елде де, одан тыс жерлерде де лайықты құрметке ие болды.

— Біздің университет студенттердің қазіргі ұрпағы жалғастырып келе жатқан спорттық дәстүрлерімен де танымал, — деді Абай Қобландиұлы. — Студенттік лигада футзалдан ҚР Чемпионатында біздің команданың табысты өнер көрсетуі осының жарқын дәлелі болды. Біз өз спортшыларымызды, жаттықтырушыларымызды және олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз.

Паулу Рикардо Фигейро Силва шақырғаны үшін Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығына алғысын білдірді. Футзалмен шұғылдану мектеп оқушылары арасында жаппай сипатқа ие болса деген арманымен бөлісті. Бүгінде әлемге әйгілі көптеген футболшылар спорттық мансабын осы футзалдан бастағанын атап өтті. Бірақ футболдың, кез-келген басқа спорттың маңыздылығы туралы айта отырып, Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы барлық студенттерді өмірдегі өз мүмкіндіктерін кеңейтуге шақырды.  Ол үшін жаңа білімді игеруге, ғылымдарды, тілдерді үйренуге ұмтылу керек, бұл өз болашағыңызға сенімді болуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары бізде футзалға деген қызығушылық айтарлықтай өсті. Ол әлі де жаппай сипатқа ие бола қоймаса да, бұл үшін барлық жағдай бар, деп атап өтті А.Қ. Калыков: барлық мектептерде, қойылатын талаптарға сәйкес, жақсы спорт залдары бар. Олар үлкен стадиондарды қажет етпейтін футзал, волейбол және баскетбол сабақтарына жарамды. Барлық мүдделі тараптардың тілегі мен қолдауы болса болғаны.

Біздің университеттің құрамасында бұндай қолдау бар. Университет басшылығы тарапынан да, Қарағанды қаласының спорт бөлімі тарапынан да қолдауға ие. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы ҚКҚДИ басшылығына ерекше алғыс білдіреміз. Командаға үлкен көмек көрсеткен осы институттың директоры біздің түлегіміз, т.ғ.д., ҚР Құрметті құрылысшысы Нұғожинов Жұмағұл Смағұлұлы болып табылады.

Кездесу барысында Футзалдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысына көптеген сұрақтар қойылды. Футболшыларды натурализациялау тәжірибесі, балалардың дайындық деңгейі, отандық футболшылардың натуралданғандармен бірлескен ойынының әсері, Футзалды Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу мүмкіндігі және т.б. туралы.

Атақты футболшылармен қарым-қатынас пен бірлескен ойындардың арқасында қазақстандық футболшылардың деңгейі салыстырмалы түрде қысқа мерзімде айтарлықтай өсті. Бас жаттықтырушының өзі оның спортшыларды натурализациялаудың жақтаушысы екенін жасырмайды. Бірақ бір реттік жеңістер үшін емес. Спортты дамыту, сондай-ақ ең мықты және әйгілі қарсыластармен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін осындай командалық рухты құру үшін.

Кездесу соңында Пауло Рикардо Фигейро Силваға Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен ҚКҚДИ басшылығынан естелік кәдесыйлар табысталды.

Без рубрики