2023-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» — 3 мемлекеттік қаржыландыру жобалары бойынша ақпарат


AP15473335 «Көлік техникасының іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газын тазартудың ультрадыбыстық әдісін әзірлеу және зерттеу» ғ.ж. Сарсембеков Б.К.

Зерттеу болжамы — автокөліктің дыбысын бәеңдеткіште орналасқан ультрадыбыстық эмитенттің әсерінен пайдаланылған газдарды тазарту мүмкіндігі және автомобильдің ІЖҚ шығатын газдардың гидродинамикалық коагуляциясының жоғарылауы.

Зерттеудің өзектілігі оларды зерттеудің мұндай конструкциясы мен әдістемесінің болмауымен анықталады.

Зерттеудің мақсаты — ультрадыбыстық автомобильдің дыбыс бәеңдеткішін есептеуге, жобалауға және оның тәжірибелік үлгісін жасауға мүмкіндік беретін нәтижелерді алу.

Алынған нәтижелер:

– толық өлшемді ультрадыбыстық автомобильдің дыбыс бәсеңдеткіші жасалды. Ультрадыбыстық автомобильдің дыбыс бәсеңдеткіші полипропилен тұрқынан, оған орнатылған ультрадыбыстық жабдықтан жасалған. Эксперименттік ультрадыбыстық дыбыс бәсеңдеткіші мыналардан тұрады: кіріс келтеқұбыры, дыбыс бәеңдеткіштің тұрқысы, газ тығыздығын анықтайтын лазер, 12В түзеткіш, температура бергіші, ылғал өлшегіш, ультрадыбыстық генератор, шығыс келтеқұбыры, бойлық ультрадыбыстық сәулелендіргіш, гигрометр термометрі, алынбалы түпқойма, микроскоп;

— эксперименттер жүргізілді. Текшелік, зертханалық және физика-техникалық эксперименттердің нәтижелері бойынша көлік техникасының пайдаланылған газына ультрадыбыстың әсер етуінің эмпирикалық заңдылықтары анықталды. Жасалған ультрадыбыстық автомобильдің дыбыс бәсеңдеткішінде f, ω және f/ω мәндерінен К оңтайлылық өлшемшартының өзгеру заңдылығын анықтау үшін эксперименттік зерттеулер жүргізілді.Ультрадыбыспен тазартуға дейін және одан кейін газдардың құрамы, түтіннің пайызы анықталды;

— ультрадыбысты қолдану арқылы түтінді, зиянды шығарындылардың концентрациясын, коагуляция коэффициентін өлшеудің тәжірибелік деректері алынды. Эксперимент процесінде бірінші кезеңде ІЖҚ айналымына байланысты автомобильдің пайдаланылған газындағы CH, CO, CO2, O2 ультрадыбыссыз және 40, 25, 28 кГц ультрадыбыстық генератордың жиіліктерінде ультрадыбыстық әсермен мөлшері анықталды (1000, 1200, 1400 айн./ мин). Эксперименттің екінші кезеңінде дыбыс бәсеңдеткіштің ішіндегі түтін, температура мен ылғалдылық, пайдаланылған газдың қозғалыс жылдамдығы, ультрадыбыстық автомобиль дыбыс бәсеңдеткіштің кіреберісінен 150 мм қашықтықта орнатылған жиілік өлшегішпен өлшенетін жиілік, сондай-ақ автомобильдің ІЖҚ иінді білігінің айналымына байланысты отын шығыны анықталды;

— ортокинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағын, дыбыс бәсеңдеткіште тұндырылған бөлшектердің массасын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелділіктер алынды. Автомобильдердің пайдаланылған газын зиянды қоспалар мен бөлшектерден тазарту бойынша зерттеу жүргізу барысында ультрадыбыстық генератордың жиілігіне және иінді біліктің ІЖҚ айналу жиілігіне байланысты коагуляция ықтималдығы арқылы ортокинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағы анықталды;

— ультрадыбыстық автомобиль дыбыс бәсеңдеткішінің тиімді параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретін теориялық және эксперименттік тәуелділіктер алынды.  25 кГц, 28 кГц, 40 кГц ультрадыбыстық жиілікте қозғалтқыштың иінді білігінің бұрыштық айналу жылдамдығының мәндерінен газ түтіні көрсеткіштерінің (D1/D2) арақатынасын өзгертудің эксперименттік нәтижелері бойынша ультрадыбыстық дыбысты бәсеңдеткіштің оңтайлы параметрлерін тексеруге және анықтауға мүмкіндік беретін тәуелділіктер алынды.

Эксперименттік зерттеу жүргізілді (1-сурет). Уыттылықты азайту диаграммалары, күйе массаның шөгу қашықтығына тәуелділігі, күйе бөлшектерінің көлденең қозғалысының негізгі заңдылықтары анықталды, күйе массасының салыстырмалы кестелері дайындалды.

Автомобильдердің пайдаланылған газын зиянды қоспалар мен бөлшектерден тазарту бойынша зерттеу жүргізу барысында ультрадыбыстық генератордың жиілігіне және иінді біліктің ІЖҚ айналу жиілігіне байланысты коагуляция ықтималдығы арқылы ортокинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағы анықталды.

Зерттеу тобы

  1. Сарсембеков Бауыржан Кобланович ғылыми жетекші, т.ғ.м., КТжЛЖ кафедрасының оқытушысы.

Хирша Индексі — 1

Author ID в Scopus:  57247269800

ORCID ID: 0000-0002-4815-1823

Ғылыми жетекшінің жарияланымдары:

— мақала «Comparison of the efficiency of cleaning the exhaust gas of internal combustion engines of cars with ultrasonic emitters» Authors: Sarsembekov B.K., Sinelnikov K.A., Suyunbaev Sh.M., Kukesheva A.B., Dyusenbaev E.Sh., Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ «Университет еңбектері»;

— Рецензиялауда Scopus базасына 50-ден астам процентильмен кіретін журналдардағы екі мақала бар.

  1. Кадыров Адиль Суратович ғылыми кеңесші, т.ғ.д., КТжЛЖ кафедрасының профессоры

Хирша Индексі — 7

Researcher ID: W-4738-2018

Author ID в Scopus: 57194507769

http://orcid.org/0000-0001-7071-2300

Ғылыми кеңесшінің жарияланымдары:

— Рецензиялауда Scopus базасына 50-ден астам процентильмен кіретін журналдардағы екі мақала бар.

Күтілетін нәтижелер:

— пайдаланушының есебі мен нұсқаулығы, көлік техникасының іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарын тазартатын ультрадыбыстық автомобильдің дыбыс бәсеңдеткішін құрастыруға арналған техникалық тапсырма қалыптастырылады;

-Web of Science дерекқорында импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартилдің журналдарында немесе Scopus дерекқорында кемінде 50 CiteScore бойынша процентилі бар 2 мақала жарияланады;

— ҚР-да зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды тіркеу туралы 1 куәлік алынады. «Өнеркәсіптік үлгі» патентіне өтінім беріледі.

Алынған нәтижелер осындай жабдықты дайындау және енгізу үшін сындарлы және өндірістік базаны құру бойынша ғылыми-техникалық бағыт құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, осы бағытты дамыту кезінде біздің ұйымның ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуеті кеңейтілетін болады. Әзірленген жобалар машина жасау зауыттары мен автопарктерге (Қарағанды қ. «№1 Машзаводы», Қарағанды қ. «№3 автобус паркі» ЖШС) ультрадыбыстық автомобиль дыыбс бәсеңдеткіштерін дайындау және сату үшін берілетін болады.

Әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

Автокөліктердің пайдаланылған газын тазарту үшін толық өлшемді ультрадыбыстық автомобиль дыбыс бәсеңдеткіші жасалды. Ультрадыбыстық автомобиль дыбыс бәсеңдеткішінің тиімді параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретін теориялық және эксперименттік тәуелділіктер алынды.

Қолдану саласы

Көліктік машина жасау. Автомобиль көлігі.

 

АР15473207 «Газдандырылатын модельдер бойынша ақауы жоқ біртекті гомогендік құймаларды дайындау технологиясын әзірлеу» ғ.ж. Ковалева Т.В.

Өзектілігі: Біздің елде құюдың бірқатар әдістері қолданылады: құмды-сазды қалыптарға құю, балқытылған үлгілер бойынша құю, қысыммен құю. Ең кең таралған және перспективалы әдістердің бірі – газдандырылатын үлгілер бойынша құю (ГҮҚ). Өнеркәсіптік өнімді өндіруге құймалардың үлестік шығынын азайтуға ұмтылу керек. Газдандырылатын үлгілер бойынша құюды қолдану құймалардың геометриялық және өлшемдік дәлдігінің артуына әкеледі, металл қажетсінуі төмендейді, металл шығындары мен өзіндік құны төмендейді.

ГҮК көмегімен құймаларды жасау кезінде өңдеу шығындары ішкі беттерді күрделі өңдеуді қоспауға байланысты, шамамен 25% немесе одан да көп төмендейді; көптеген жағдайларда құймаларды өңдеу толығымен жойылуы немесе азайтылуы мүмкін, сондықтан құймаларды тазарту жеңілдетіліп, тезірек орындалады. Жобаны іске асыру өндірісте, мысалы, «Қазақмыс «Корпорациясы» ЖШС, «Порхоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС кәсіпорындарында және т. б. алынған нәтижелерді одан әрі коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты: әрі қарай коммерцияландыру перспективалары бар өзіндік құны төмен құрамы мен құрылымы бойынша тығыз және біртекті құймаларды алу.

Күтілетін нәтижелер:

— өзіндік құны төмен көбікполистиролды газдандырылатын үлгісінің жаңа құрамы;

— газдандырылатын үлгілер бойынша құюдың жаңа технологиялық режимдерін пайдалана отырып, тығыз, біртекті құрылымы бар ақаусыз құймаларды дайындау технологиясы;

— өндіріс өкілдері әзірлеген және келісілген процестің технологиялық картасы, өнеркәсіптік жағдайларда технологияны сынау актісі құймалардың тәжірибелік партиясын алу;

— ГҮК кезінде құймаларды балқыту режимдерін оңтайлы таңдау негіздемесі жүргізіледі; ГҮК әдісімен құрылымы бойынша тығыз біртекті құймаларды дайындау шарттары мен режимдері таңдалады; эксперименттер матрицасы құрастырылады.

Суретте кешенді полистирол үлгісі және 110Г13Л болаттан жасалған «Сауытты плита» құймасы көрсетілген. (1-сурет)

 

1-сурет. Құйманың полистироль үлгісі (а) және «Сауытты плита» құймасы (б)

Зерттеу тобы

  1. Ковалёва Татьяна Викторовна – ғылыми жетекші, т.ғ.м., НТМ кафедрасының оқытушысы.

ORCID 0000-0002-1186-1805

Researcher ID A-2567-2017

Scopus ID 57211297553

SPIN-код: 6151-2800

  1. Исагулов Аристотель Зейнуллинович – ғылыми кеңесші, т.ғ.д., НТМ кафедрасының профессоры, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ атқарушы директоры.

ORCID 0000-0003-2174-9072

Researcher ID C-7415-2016

Scopus ID 57211295299

SPIN-код: 3643-2646

Ықтимал пайдаланушылар үшін ақпарат:

Алынған нәтижелер машина жасау өндірісінің дайындау цехтарында іске асырылуы мүмкін, осы жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелері құю өндірісінде, сондай-ақ оқу мақсаттарында пайдаланылуы мүмкін.

Без рубрики