«Парасаттылықты дәріптеу сыбайлас жемқор қылмыстардың алдын алудың басты шарасы»


2023 жылдың 26 қазанында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен «Парасаттылықты дәріптеу сыбайлас жемқор қылмыстардың алдын алудың басты шарасы» тақырып төңірегінде Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Р.А. Тоқатовпен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты — сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылды. Іс шараны аудитория үлкен қызығушылықпен мұқият тыңдап, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, ат салысып отырды. Кездесу жоғарғы деңгейде өтті.

Без рубрики