Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында брейн-ринг ойыны өтті


2023 жылғы 19 қазанда «Business skills park»-те Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында
қоғамның әл-ауқаты мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлық болып табылатын қауіп туралы білім беретін жеке тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді тарту мақсатында брейн-ринг ойыны өткізілді.
Ойынға үш команда қатысты. Ойын үш кезеңнен тұрды, онда әр кезеңде қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласында тақырыптық тапсырмалар берілді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.
Іс-шара аяғында команда жеңімпаздарына диплом мен сертификаттар табысталды. Брейн-ринг ойынының жеңімпазы «Форсети» командасынан тұрған АиУ-21-2 тобының студенттері Амангельдин А., Аманжол Е., Серікбай Ә., Канагат Е. І дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі — ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Жуматова Г.М.).
Қамтылған адам саны – 55.

Без рубрики