10.02.2023 ж. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында интеллектуалды-танымдық викторина түрінде құқықтық турнир өткізілді. Ойынды өткізу үшін студенттер тақырыптық плакаттар мен брошюралар дайындады. Зияткерлік ойын барысында студенттер ойын нысанында сыбайлас жемқорлықтың себептерін түсіндірді. Ойынға 2-курс КВТ 9/20-1, КОПЖТ 9/19-1 топтарының студенттері қатысты.
Студенттер дұрыс әрекет ету, пара бермеу және алмау, жеке адалдық негізінде қажетті нәтижелерге қол жеткізу керектігі туралы шешім қабылдады.
Қазылар алқасы ойынға қатысушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалады, командаларға өз білімдерін көрсеткендері үшін алғыс айтты.
Ойын қорытындысы бойынша КОПЖТ 9/19-1 тобының командасы жеңіске жетті.
Қамтылуы-30 адам.