Дебат «Жемқорлықтың алдын алу шаралары»


08.12.2022ж Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінде колледж студенттері арасында «Жемқорлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубы «Парасат» дебат клубымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Пікір-сайысқа КОРМПИ 11/21-1, КЭТЖД 11/21-1 тобының студенттері қатысты.
Дебат қорытындысында халықтың құқықтық мәдениетін арттыру жастарды құқықтық тәрбиелеу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үрдісінде оң нәтижелерге жетуге болатыны тұжырымдалды. Дебат соңында барлық қатысушылар кез келген ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуымыз керек деген ортақ пікірге келді.

Без рубрики