«Жаңа Қазастанда ақындар айтысының дамуы» атты пікірсайыс турнирі»


19 қыркүйек 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің «Парасат» дебат клубы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының аясында «Жаңа Қазастанда ақындар айтысының дамуы» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс ойындары еркін , жолдастық кездесу форматында өткізілді. Өзекті мәселелер қарастырылып, тартысты ойын болды.

Турнир нәтижесі бойынша:

1 орын — Шет тілдер колледжінің «Көзқарас» командасы;

2 орын — Қарағанды жоғары медициналық интерколледжінің «Өткір тіл» командасы;

3 орын — Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Менің сүйікті командам» командалары жеңімпаз атанды.

Ойын барысында жиналған спикерлік баллдар бойынша «Үздік спикер» номинациясын-«Көзқарас» командасының спикері- Мәуленқызы Жанерке жеңіп алды.

Командаларды дайындаған жетекшілері алғыс хаттарға ие болып, жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды!

Без рубрики