Т.А. Көкетаевтың 85 жылдық мерейтойы «Әлем мойындаған Ұлы Дала Ғұламасы» атты сторителлингтің есебі


29 қараша 2023 жылы Н.В. Гоголь атындағы кітапханада (С.Ерубаев к. 44) сағат 14.00 Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ тарих кафедрасының ұйымдастыруымен физика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың 85 жылдық мерейтойы аясында «Әлем мойындаған Ұлы Дала Ғұламасы» атты сторителлинг өткізілді. 1999 жылы Кембридж университетінің (Ұлыбритания) халықаралық өмірбаяндық орталығы жерлесіміз физика ғылымдарының докторы, профессор, Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевтың күміс медальмен расталған «ХХ ғасырдың көрнекті адамы» атағын, ал екі жылдан кейін алтын медаль мен «Жылдың халықаралық ғалымы» атағын берген.        Осыған байланысты  Темірғали Көкетаев абсолютті спектроскопия туралы дәрістерін Оксфорд университетінде ТМД арасында алғашқы дәріс оқыған  Сократ сыйлығына ие болған. Облыстың ішкі саясат департаментінің басшысы Нұрлан Бикенов мырза құттықтау сөзімен бастады.Құттықтау шарасына кафедра меңгерушісі Темірғалиев Қ.А. Нұғман Б.Ғ. фғк, Серимов ЕЕ зғк МВД Академиясының оқытушысы,  Жақыпханова Л.Б. пғм, тарих кафедрасының оқытушысы, Аршабеков Т. Техникалық мұрағатының басшысы Темірғали Әбілдаұлы Көкетаевқа зор денсаулық тіледі. Сиб -23-3-4-5 тобының студенттері презентация баяндамаларын жасады. Сиб-23-5 тобының студенті Смадияр Үсен  домбыра мен күй тартты,  Көкетаев Т.А. арнаған өлендерін Сиб 23-5 тобының студенті Әсілхан Ұлмекен оқыды. Көкетаев Т.А. өзінің өмірі туралы қысқаша баяндады, кейін студенттердің  сұрақтарына жауап берді.  Қорытындысын ұйымдастырушы тарих кафедрасының оқытушысы Нұрлан Зетханұлы жасады.

Ұйымдастырушы: Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ тарих кафедрасының аға оқытушысы пғм Ошанов Н.З.,

Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ тарих кафедрасының аға оқытушысы  пғм Нурлигенова З.Н.

Без рубрики