Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 2023 жылғы «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы іске асырылды.


Жобаның мақсаты мен міндеттері:

  • мемлекеттік қызметке Қарағанды облысы жастарының неғұрлым дарынды өкілдерін тарту;
  • жастар арасында Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және насихаттау;
  • ЖМҚМ қызметін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жоғары оқу орындарының күш-жігерін шоғырландыру және өзара іс-қимылын үйлестіру.

Оқыту ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалы базасында интерактивті тренинг, фасилитациялық сессиялар және Brainstorming форматында өтті, кейіннен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтті. 2 ай ішінде мемлекеттік органдарда тағылымдама ұйымдастырылды, ЖМҚМ  түлектерінің қатысуымен мотивациялық кездесулер өткізілді.

Салтанатты жағдайда дипломдар мен виньеткалар табысталды.

 

 

Без рубрики