Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ оқытушылары беделді байқаулардың жеңімпаздары атанды


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың 70 жылдық мерейтой жылы жоғары оқу орнының еңбек ұжымы үшін жемісті болды. Әрбір күн маңызды жетістіктермен атап өтілді. 2023 жылғы республикалық конкурстарда жоғары бәсекелестікке қарамастан, біздің оқытушылар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін лайықты түрде таныстырып, оларда жеңісті орындарға ие болды.

Мәселен, 2023 жылдың аяқталу қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуді қорытындылады. 2023 жылғы Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданғандардың тізіміне «Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ» КеАҚ Басқарма мүшесі — Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, қазіргі уақытта Басқарма Төрағасы – Ректордың  міндетін атқарушы 33 жастағы Темербаева Айжан Маратқызы кірді.

Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеу 2023 жылдың қыркүйегінде басталды. Сол кезде конкурсқа қатысуға 30 мың ниет білдірушілер арасынан 6404  адам жіберілді. Іріктеудің алты кезеңінен өткеннен кейін Ұлттық комиссия ең үздік 50 үміткерді таңдады. Резервисттерге «А» корпусының әртүрлі саяси, әкімшілік, мемлекеттік лауазымдары, «Б» корпусының басшылық лауазымдары ұсынылатыны күтілуде.

Сондай-ақ «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2023 жыл» Республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурсты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын оқытушы мамандығының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өткізеді.

ҚР ҒЖБМ республикалық конкурстық комиссиясы жылдың үздік оқытушыларын іріктеп алды. 43 қазақстандық ЖОО арасында 150 адам жеңімпаз атанды, олардың ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары: «Технологиялық машиналар, жабдықтар және стандарттау» кафедрасының профессоры Г.С. Жетесова, «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының аға оқытушысы М.Г. Қожанов және «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының доценті Б. Хусан бар. Қомақты ақшалай ынталандырудан басқа, конкурс жеңімпаздары төсбелгі алады.

Конкурс ҚР ҒЖБМ АЖ базасында электрондық форматта өтті, оған еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 үміткер қатысты, оларды: электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау; отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар; өнертабысқа патенттердің болуы; оқыту сапасы және бакалавриатта, магистратурада және PhD докторантурада кадрлар даярлауға қосқан үлесі сияқты критерийлер бойынша бағаланды.

Сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің төрт оқытушысы «Ғылым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтетіні белгілі болды:

  1. Маусымбаева Алия Думановна – University of Illinois Urbana-Champaign (АҚШ) университетінде
  2. Шахатова Алия Талгатовна – Obuda University-да (Венгрия)
  3. Кожанов Мурат Галиаскарович – Obuda University-да (Венгрия)
  4. Қалыбекова Қаламқас Сағындыковна – Kastamonu University-да (Турция).

Беделді республикалық байқаулардың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға 2024 жылы жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики