«ЖОО-ДАҒЫ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ


2023 жылғы 20-26 желтоқсан аралығында университеттің әкімшілік-басқару персоналы үшін 32 сағат көлемінде «ЖОО-дағы корпоративтік басқару ерекшеліктері» біліктілікті арттырудың оқыту курсы өткізілді.

Ыңғайлы болу үшін курс үш тақырыптық модульге бөлінді. Курстың бірінші модулі корпоративтік басқару негіздеріне арналған, екінші модуль тәуекел ұғымымен танысуға және тәуекелдерді басқаруға арналған, курстың үшінші модулі корпоративтік жанжал мен мүдделер қақтығысын реттеу тақырыптарына, сондай-ақ ақпаратты ашу мәселелеріне арналған.

Курста тыңдаушылар тәуекелдерді анықтады, тәуекелдерге ден қою шараларын әзірледі, корпоративтік жанжал мен мүдделер қақтығысы жағдайларын пысықтады.

Бақылау тапсырмасы бөлімшенің стратегиялық жоспарын, тыңдаушы басқаратын бөлімшенің тәуекел картасын және тәуекелге әрекет ету іс-шараларының жоспарларын жасау болды.

Без рубрики