Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға ҚХР көлік және логистика саласындағы жетекші жоғары оқу орны — Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының делегациясы келді


Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институты мен «Yutong» оқу-дайындау орталығының (ҚХР) басшылығы Қазақстандық «QazTehna» автобустар және арнайы техника өндірісі зауытының (Сарань қ.) өкілдерімен бірлесіп, техникалық білім беру саласында мол тәжірибе алмасу және перспективалық ынтымақтастық орнату мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға барды.

Сапар барысында қатысушылар университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты, оның барысында Хэнань көлік кәсіптік-техникалық институтының ректоры Хутао Цзяо төмендегідей атап өтті:

«Мен біздің университеттеріміздің 70 жылдық тарихы бар екеніне таң қалдым. Құрдастар ретінде біз кәсіпқойлық деңгейіне, зертхана жабдықтарына және Қарағанды техникалық университеті ұсынатын білімге берілгендікке тәнті болдық. Бұл сапар тәжірибе алмасуға және болашақ ынтымақтастық үшін жаңа байланыс нүктелерін табуға бірегей мүмкіндік берді».

Тараптар көлік және логистика саласында жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлау, ПОҚ пен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, қос дипломды білім беру, ғылыми жобаларды іске асыру, сондай-ақ Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ және «QazTehna» базасында Қытайдың белгілі ЖОО филиалын ашу келешегі мәселелерін талқылады.

Без рубрики