Басты


P1060935                    P1060949

Өндірістік экология және химия кафедрасы 1995 жылы ашылды. Қазіргі уақытта кафедра Инновациялық технологиялар факультетінің негізгі кафедрасы болып табылады, нарықта талап етілген мамандық бойынша төрт мамандықта дайындайды:

1) 5В070100 – «Биотехнология» траектория бойынша:
— өсімдік биотехнологиясы;
— биоэнерготехнология;
— экологиялық биотехнология.
2) 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» Траектория бойынша:
— химия-фармацевтикалық препараттар технологиясы;
— көмір мен газды (метанды) қайта өңдеу технологиясы.
3) 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің еңбек қауіпсіздігі» траектория бойынша:
— Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау.
4) 5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту»
— Түсті металдар рудаларын байыту технологиясы;
— қара металдар рудаларын байыту технологиясы;
— көмірді байыту технологиясы.

Кафедра мақсаты химия, мұнайгаз, металлургия саласында, байыту фабрикаларына, ғылыми-зерттеу және жобалық мекемелерге, колледждерге, ЖОО-ға, бітіргеннен кейін дереу өндірістік циклге кіріп кетуге дайын жоғары квалифицирленген және сұранысқа ие кадрларды шығарып дайындау.

Кафедра міндеті оқу пәндерін өндіріс, ғылым және техника талаптарына сай қазіргі заман деңгейінде жаңа технологияларды қолдана отырып оқытуды қамтамасыз ету.

Мамандарды шығарудан басқа, кафедра оқу жұмыс жоспары мен бағдарламасына сай, ҚарМТУ-дың барлық мамандықтарының студенттеріне «Химия», «Экология және тұрақты даму» пәндері бойынша сабақ өткізеді.

Өндірістік экология және химия кафедрасының ПОҚ келесі ғылыми-инновациялық бағыттарды дамытады:
1) Органикалық заттардың технологиясы және химия (биологиялық белсенді қосылыстар, мұнайды, газды және көмірді қайта өндеу өнімдері)
2) Өсімдіктер мен жануарлар биотехнологиясы
3) Көмірді, кенді байыту
4) Өндірістік экология
5) Ағын суларды және т.б. тазарту

Қазіргі уақытта кафедраны доцент Кабиева Сауле Қазжановна басқарады. Кафедра барлық қызығушылық танытқан физикалық және заңды тұлғаларды ғылыми-инновациялық және оқу-әдістемелік қызметтестікке шақырады.

Без рубрики