Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ еріктілеріне Қарағанды қаласы әкімінің алғыс хаттары табысталды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіндегі еріктілер қозғалысы жыл сайын қарқын алуда. Белсенді азаматтық ұстанымы бар және көмекке мұқтаж адамдарға риясыз көмектесетін мейірімді жүрегі бар студенттер саны артып келеді. Олардың асыл істері назардан тыс қалмады.

«Жас Орда» университеттік Жастар қауымдастығының белсенділері Аян Сабиров пен Кристина Немытова Қарағанды қаласының әкімдігінде өткен Халықаралық еріктілер күніне арналған іс-шараға шақырылды.

Белсенді және жемісті еріктілік қызметі үшін біздің студенттер Қарағанды қаласының әкімі М.М. Кожуховтың алғыс хаттарын алды. Оларды ішкі саясат бөлімінің басшысы – Н.А. Ильяс тапсырды.

Еріктілерімізді шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Без рубрики