Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да «Алаш зиялылары» тақырыбында тарихи-танымдық іс-шара өткізілді


Қазақстан тарихында жақсылықты бағалай білетін ұрпақтардың есінде мәңгі қалатын көптеген даңқты есімдер бар. Олардың қатарында «Алаш» қозғалысының қайраткерлері бар. Қазақтың ұлттық-демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдері А.Бөкейханов, М. Шоқай, М. Тынышпаев, М. Дулатов және басқалар құрған «Алаш» партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрып, қазіргі заманғы және тәуелсіз Қазақстанның рухани негізіне айналған қазақ халқының ұлт-азаттық күресін басқарды.

«Жоғары математика» кафедрасы өткізген «Алаш зиялылары» тарихи-танымдық іс-шарасы осы аталған «Алаш» партиясын құрушылар мен белсенді қайраткерлеріне арналды (кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Қажыкенова С.Ш.). Іс-шараға кафедраның ПОҚ және ТТ-23-2, ТТ-23-2С, АиУ-23-2 топтарының студенттері қатысты.

Олар осы іс-шара барысында көптеген қызықты жайттардан хабар алды. Өйткені «Алаштың» көптеген қайраткерлері Қазақстанның мәдениетін, ғылымын және халық шаруашылығын дамытуға лайықты үлес қосқан жоғары білімді адамдар болды. Бірақ «ұлтшылдар» «халық жаулары» деген атаулармен күрес барысында қуғын-сүргінге ұшырады. Тек 1955 жылы олар ақталды. Бірақ бұдан кейін де 30 жыл бойы ресми тарих «Алаш» көшбасшылары туралы айтпауды жөн көрді. Нәтижесінде біз А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың және басқаларының шығармашылық мұрасымен тек өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында ғана таныса алдық.

Студенттерге іс-шара тақырыбы бойынша өз білімдерін тексеруге мүмкіндік берілді. Ол үшін оларға Алаш зиялыларының, «Алаш» партиясының өмірі мен шығармашылығы туралы әзірленген тест-викторинаның сұрақтарына жауап беру ұсынылды.

Іс-шара соңында студенттер Данияр Саматов пен Арнұр Тәңірберген домбырада танымал күйлерді орындады.

Мұның бәрі іс-шараны өте қызықты және есте қаларлық етті.

Без рубрики